Алматының апелляциялық соты "субботажға" қатысқан үш белсендіні қамауда қалдырды

26.06.2020, 22:19

4

Алматы қалалық соты 13 маусымда «субботаж» шеруіне шыққаны үшін «заңсыз акцияға қатысты» деп айыпталып, 15 күнге қамалған белсенділер Асхат Жексебаев, Бақдәулет Әлібеков, Абайбек Сұлтановты қамауда қалдырды. Оларды жазалау туралы сот шешімі өзгермеген. Бұл туралы Азаттыққа белсенділердің адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Бейсенбі күнгі апелляциялық сот онлайн режимде өтті. Оған қатысушылар үш жерден қосылды: қалалық сот ғимаратынан — судья мен прокурор, адвокаттық кеңседен — адвокат Жанар Балғабаева, уақытша изолятордан қамаудағы белсенділер қатысты. Алматы қаласындағы әкімшілік жазаға тартылғандарды қамайтын изолятор толып кеткендіктен белсенділер қазір Іле ауданындағы уақытша изоляторда қамауда отыр. Белсенділер сотта изолятордағы санитария ережелері сақталмайтынын айтып еді, судья Молдажанов бұл шағымның мәселеге қатысы жоғын жеткізді.

Адвокат Балғабаеваның айтуынша, алдағы уақытта тағы үш белсендінің апелляциялық шағымы қаралады. Шамамен 30 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК — 2 778 теңге) көлемінде айыппұл салынған Сақып Жаңабаева, 15 күнге қамалған Ермек Қазиев және Қайрат Қылышев сотқа шағым түсірген. Соңғы аталған екі белсенді Қарасай аудандық изоляторында қамауда отыр. «Субботажға» қатысқан тағы үш белсенді апелляциялық шағым түсірмеген.

13 мамырда кешке Алматыда Панфилов көшесінің бойында жүз шақты адам шеру өткізген еді. «Субботаж» атты серуенге ұқсас шара кезінде жиналғандар музыкалық аспаптарда ойнап, кейбірі билеген. Оған қатысушылар «Белсенділер — экстремист емес» және «Алға, Қазақстан» деп айқайлаған. Полиция шараны бақылағанмен ешкімді ұстамаған. Есесіне өткен аптада — шеру өтетін күн қарсаңында белсенділер ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • Мамыр айында сот «Көше партиясын» елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Қазақстан соты «экстремистік» деп таныған ҚДТ-ны Еуропарламент 2019 жылғы наурыз айындағы қарарында «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған. Оның жеткшісі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ҚДТ туралы сот шешімінің саяси астары бар деп санайды. «Көше партиясы» мен ҚДТ қызметіне тыйым салу туралы сот шешімдері жарияланбады.
  • Бірнеше белсенді «Көше партиясына» қатысты сот шешімін апелляцияға бермек болып еді, Нұр-Сұлтан соты «шағым түсірушілердің іс бойынша тараптарға жатпайтынын» айтып, қабылдамаған.
  • «Субботаж» деп аталған сенбі күнгі акцияға шығуға шетелде тұрып жатқан Мұхтар Әблязов шақырған еді. Бұған дейін осыған ұқсас бірақ шағындау акциялар Нұр-Сұлтан, Шымкент және өзге қалаларда өткен.​
/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27