Қарағандыда қару асынғандар көлік тонады

26.06.2020, 07:09

53


Қарағанды қаласында тапа-тал түсте мылтық ұстап жүретіндер көрініс бере бастады.  25 маусымда таңертеңгі сағат 10.40 шамасында Складская көшесінде  жеке меншік фирмаға тиесілі инкассатор көлігіне қарулы қақтығыс жасалған.  " ВАЗ 2110" автокөлігін мінген екі азамат фирманың  «Лада Гранта » көлігіне  әдейі қарама қарсы келіп соғылған. Содан кейін олар көліктен жүгіріп шыққан бойда, жеке меншік фирманың күзетшісінен қару кезеніп тұрып, қаражатпен  қаруын тартып алған.  Куәгерлердің айтуынша «ВАЗ 2110 көлігі жеке меншік фирманың маңайына бір сағат бұрын келіп,  торуылдап тұрған. Фирмадан көлік шыққан бетте оған барып,  соғылған. Бүгінде Қарағанды қаласында „Дабыл “ жоспары жарияланған,  полиция күдіктілерді іздестіруде.  
»Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 бабы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша облыстың ішкі істер құрамына бағыттама берілді ",- деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Жанатай Сембеков.
Айта кету керек, шамамен осыдан бір апта бұрын екі жігітті атып кеткен күдіктілер әлі ұсталған жоқ.

Арайлым Еркебаева
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04