Атырауда тыныс алдыру аппараты жетіспей жатыр: әкімдік демеуші іздейді

26.06.2020, 07:45

44

Атырауоблысында коронавирусқа байланысты жағдай қиындап барады. Облыс әкімініңорынбасары Бақытгүл Хаменова халыққа медицина қызметкерлері жетіспейтінін жәнежасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу үшін демеуші қажет екенінмәлімдеді, — деп хабарлайды ATPpress.kz

25 маусымдағы мәліметбойынша, наурыздан бастап өңірде коронавирус жұқтырған 3209 адам тіркелген:оның ішінде, ауру белгісімен 1560 адам, ауру белгісі жоқ 1649 адаманықталған. 

«Шынын айтукерек, жағдай қиындап барады. Бүгінгі жағдай сәуір, мамырдағы жағдайғақарағанда қиын екенін жасырмаймыз. Бір тәулікте коронавирус жұқтыратындар саныкүрт ұлғайды. Бұрын күніне бес адам анықталса, енді күніне 20-25 адамтүседі», — дейді Хаменова. 

Оның айтуынша,жұқпалы аурулар стационарында жатқан 90 пайыз науқас 60-80 жас аралығындағылар.Бақытгүл Хаменованың сөзінше, жақын күндері Геолог поселкесінің емханасындажәне қосымша Атырау облыстық ауруханасында провизорлық стационар ашылады.

«Мен жерлестергеүндеу жасаймын! Бәлкім, сіздердің араларыңызда медицина мамандары бар болар — ерікті түрде болсын көмек көрсетуге дайын реаниматолог, инфекционист,эпидемиологтар болса. Бізде мамандар тапшы», — дейді облыс әкімініңорынбасары. 

Хаменова медициналықстационарларда 111 жасанды тыныс алдыру аппараты барын, бірақ ол жетпейтінінайтты. Облыс әкімінің орынбасарының сөзінше, егер жергілікті тұрғындар арасындажасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алуға көмектескісі келетін демеушілерболса, әкімдік көмекті қабыл алуға дайын. 

Сондай-ақ, брифингтеөңірдегі күрделі жағдайға байланысты барлық емхана жоспарлы жұмысты 80 пайызғауақытша тоқтатқанын айтты. Бірінші кезекте шұғыл жағдайларға қызметкөрсетіледі. Атырау қаласында жеті емхана бар және қазір олардың жанынанпровизорлық стационарлар ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42