Түркіменстанда президент отставкасын талап еткен үнпарақтар тарап жатыр

26.06.2020, 14:02

19

Түркіменстан астанасы Ашғабат және елдің өзге де бірқатар қалаларында президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суреті бар "Ұры" («Güm bol!») және «Кет!» («Ogry») деген жазуы бар үнпарақтар тарап жатыр. Бұл туралы Turkmen.news сайты хабарлады. Сайттың жазуынша, шетелдегіқарсылық акцияларынан кейін жергілікті белсенділер осындай мазмұндағы үнпарақтарды қоғамдық көліктер мен тұрғын үй подъездеріне, ықшам аудандардағы аулаларға қалдыра бастаған.

Turkmen.news сайтына сұхбат берген белсенділердің бірі елден тыс аумақта жүрген түркімен азаматтарының президент отставкасын талап еткен акциялары жайлы білетінін, мұнда тұрғындардың сол туралы ақпараттарды бір-бірімен бөлісіп жатқанын айтқан. Сұхбат кезінде ол тәуекелге барып отырғанын сезетінін, егер ұсталған жағдайға қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін де білетінін жеткізген.

Бұған дейін Түркия, Кипр және өзге елдерде түркімен азаматтары президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің биліктен кетуін талап етіп, акция өткізген еді. Соңғы рет мамыр айының соңында Түркіменстанның Стамбулдағы елшілігі алдында «Харамдағ, кет» деген жазуы бар плакат ұстаған адамдар «Адамдарды әбден ашындырды. Харамдағ, кет!» деп айқайлаған.

Оқи отырыңыз: Түркіменстанда билікке наразылық жиіледі​

Орталық Азиядағы ең жабық мемлекетте соңғы уақытта азық-түлік пен ақша жетіспей, жұмыссыздық жайлағаны хабарланған.

Түркіменстан билігі COVID-19 індетінің елге келгенін мойындамай отыр. Бірақ жергілікті дәрігерлер елде коронавирус жұқтырғандардың саны артып жатқанын айтқан. Бұған дейін билік мемлекеттік ақпарат құралдарына «коронавирус» сөзін қолдануға тыйым салған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52