АҚШ есебі: Қазақстан адам саудасын зерттеуге "көп күш салмайды"

26.06.2020, 16:19

30

Қазақстан үкіметі адам саудасымен күреске қажетті дәрежеде күш салмайды, бірақ жағдайды жақсарту үшін бірқатар талпыныс жасап жатыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің жаңа есебінде осындай тұжырым жасалған.

25 маусымда АҚШ мемлекеттік департаментінің адам саудасын бақылау және күрес басқармасы жыл сайын шығаратын баяндамасын таныстырды. Онда әлем елдерінің мәжбүрлеп еңбекке жегу, жыныстық саудаға салу және өзге де қылмыстармен күресіне баға берілген. Биыл баяндама 20-рет жарық көріп отыр.

Құжаттағы мәліметке сәйкес, Қазақстан үкіметі былтыр адам саудасына жауапкершілікті күшейткен, тараптар келісімге келіп, қылмыстық іс тоқтамайтындай мүмкіндікті қарастырған. Бұл қылмыс бойынша ең жоғары жаза — 18 жылға дейін бас бостандықтан айыру.

Есепте Қазақстанда бәз-баяғыша құлдыққа түскен шетел азаматтарын анықтау және қорғау мәселесіне қажетті дәрежеде күш салынбай жатқаны айтылған. Шетел азаматтары тергеу амалдарына қатысса ғана қолдауға ие болады. Тергеу амалдарына қатысқысы келмеген шетелдіктерде елден шығудан басқа амал қалмайды.

Баяндама авторлары Қазақстанның тергеу органдары адам саудасымен байланысты қылмыстарды зерттеуге және кінәлілерді жауапқа тартуға «көп күш салмайды» деп санайды. Ал үкіметтік емес ұйымдар полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатысы бары туралы күдіктерін хабарлап жатыр. Сол себепті Қазақстан есепте «Бақылаудағы 2 категориялы» елдер қатарына жатқызылған. Бұл категорияға Қазақстан былтыр енген еді.

2019 жылы Қазақстан полициясы адам саудасымен байланысты 45 істі зерттеген (2018 жылы — 106 іс). Бұдан бөлек, полиция органдарды заңсыз трансплантациялау фактісі бойынша 57 қылмыстық іс ашқан. Халықаралық құқықта осы тектес қылмыстар адам саудасына жатқызылса да Қазақстан оған басқаша қарайды.

Билік 2019 жылы адам саудасына қатысы бар делінген 67 адамды (2018 жылы жауапқа тартылғандар саны туралы мәлімет жоқ) жауапқа тартқан, жыныстық саудаға салу мақсатында адам саудасымен айналысты деп айыпталған 8 адамға үкім шығарған (2018 жылы — 17, 2017 жылы — 29, 2016 жылы — 45 адам соталған).

Олардың елеулі бөлігі күштік құрылымдардың «Стоп, траффик» арнайы операциясы нәтижесінде қозғалған. Қазақстанда екі жыл қатарынан адам саудасы бойынша айыптау сипатындағы үкім шыққан жоқ.

Қазақстан үкіметі бір жыл ішінде адам саудасы бойынша 40 жәбірленушіні анықтаған. Олардың көбі Қазақстанда құлдыққа салынған. Төрт адам Оңтүстік Кореяда жыныстық сауда құрбаны болған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде «Жусан» операциясы туралы да айтылады. Бұл операция аясында Қазақстан билігі құлдыққа түсуі мүмкін әйелдер мен балаларды Ирак пен Сириядан елге жеткізген. Таяу Шығыстан әкелінген адамдардың ата-анасы немесе жолдастары «Ислам мемлекеті» террористік тобының қатарында болған деп айтылады. Бұл террористік топ адам саудасымен байланысты қылмыс жасап, балаларды өз мүддесіне жету үшін пайдаланған.

Баяндама авторларының пікірінше, ішкі адам саудасы шешілмеген мәселе күйінде қалып отыр, себебі «саудагер» шалғайдағы жерлерден адамдар тартып, «жұмысқа орналастырамын» деп алдап, құлдыққа салады. Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Қазақстанның шалғай аудандарындағы әйелдер мен қыз-келіншектер жыныстық саудаға салынған делінген есепте.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36