Қытай елшілігі алдында пикет өткізген тұрғынға әкімшілік сот ескерту жасады

27.06.2020, 20:57

6

26 маусымда Нұр-Сұлтанда Қытай елшілігі алдында туыстарын Қазақстанға жіберуді талап еткендердің бірі әкімшілік сотқа тартылып, ескерту алды.

Жеңіс Зарқынның Азаттыққа айтуынша, оларды Есіл аудандық полиция бөлімшесіне апарып 4,5 сағат ұстаған соң онлайн әкімшілік сот өткен.

— Менен «неге шықтың» деп сұрады. Мен саяси үйрену лагеріндегі азаптаудан соң денсаулығы нашарлап бара жатқан әйелім мен баламның жағдайына Қытай үкіметінің назарын аудару мақсатында шыққанымды айттым. Кешке қарай босатты. Телефонымды алсам әлеуметтік желілерге кіре алмайтындай етіп бұғаттап тастапты, — дейді ол.

Жеңіс Зарқыннан өзге полицияның арнайы жасағы автобусқа сүйрелеп салып алып кеткен Ақиқат Қайролла, Меллатхан Айтқалиды да полиция бөлімшесінде онымен бірге ұстап, кейін жіберген. Меллатхан Айтқали өздерін жауаптамағанын, ешқандай шара қолданбағанын айтады.

Жұма күні таңертең Қытай елшілігі алдына мойындарына туыстарының суреттері ілінген плакат іліп, өздерін шынжырлап, туыстарын босатуды талап еткен Жеңіс Зарқын мен Ақиқат Қайролланы пикеттері аяқталмастан полицияның арнайы жасағы алып кеткен еді.

Жеңіс Зарқын мен Ақиқат Қайролла пикетке шығатындары туралы хабарламаны Есіл аудандық әкімдігіне арнайы апарып тапсырғандарын, жауап алмағандарын айтады. Алайда Есіл аудандық әкімдігі қызметкері хабарламада пикеттің мақсаты, қайда және қанша уақытқа созылатыны көрсетілмегендіктен рұқсат берілмегенін мәлімдеген.

Бұған дейін олар 19 маусым күні де Қытай елшілігі алдында дәл осы талаппен пикет өткізген еді.

Туыстарын іздеген Жеңіс Зарқын мен Ақиқат Қайролла келесі аптада пикетке рұқсат сұрап қайта арыз жазатындарын айтады.

Қытайда туыстары қалған азаматтар 2018 жылдан бері жиындар ұйымдастырып, пикеттер өткізіп, туыстарын елге қайтаруды талап етіп келеді.

Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. 2018 жылы жазда БҰҰ «Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман отыр» деп мәлімдеген. Қытай билігі басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді «терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйрететін орталық» деп сипаттаған.

Оқи отырыңыз: "Қамаудан шығарды, құжатын бермеді". Қытайдан қайта алмаған қазақтардың шырғалаңы​

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13