АЕ/АР зерттеуі: Тәжікстанның коронавирус туралы статистикасы шынайы ахуалды көрсетпейді

27.06.2020, 20:57

4

Тәжікстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы ресми мәлімет елдегі шынайы ахуалды көрсетпейді және жергілікті белсенділер жариялаған мәліметтен әлдеқайда аз. Азат Еуропа/Азаттық радиосы тілшілерінің жүргізген журналистік зерттеу нәтижесінде осындай қорытынды жасалды.

Сөз бостандығы мен ақпаратты қатаң бақылайтын тәжік үкіметінің хабарлауынша, елде коронавирустан 52 адам қайтыс болған, вирус жұқтырғандар 5 691 адамға жеткен.

Алайда жергілікті белсенділер құрған онлайн-тізімге сәйкес, 26 маусым күнгі ақпарат бойынша, елде коронавирустан 437 адам көз жұмған. Тізімде қайтыс болған адамның аты-жөні, жасы, соңғы тұрған мекенжайы көрсетілген. Онда сонымен бірге ақпараттың қайдан алынғаны (отбасы мүшелері, достары, көршісі, аурухана немесе әлеуметтік желідегі ақпарат) да жазылған. Ондағы кестеде ақпараттың растығына көз жеткені немесе тексеріліп жатқаны да айтылған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы жергілікті белсенділер құрған «коронавирустан қайтыс болған» адамдар тізіміндегі кемінде 152 адам өлімін растай алды. Олардың диагнозы мен қайтыс болғанын туыстары, жергілікті билік немесе денсаулық сақтау саласы мамандары айтқан. Кейбір жағдайда туыстары медициналық құжат және қайтыс болғаны туралы куәліктерді көрсеткен.

Кейбір адамдардың АЕ/АР тілшілеріне айтуынша, туыстарында COVID-19 анық белгілері болғанмен аурухана әкімшілігі оларды «пневмониядан қайтыс болды» деп жазған.

Ресми құжатта адам өлімінің себебі COVID-19 деп көрсетілмегенмен денсаулық сақтау мамандары марқұмның денесін отбасы мүшелеріне бермеген. Марқұмдарды арнайы қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері жерлеген.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан Тәжікстандағы кемінде екі аурухана басшысы коронавирустан қайтыс болған адамдардың нақты санын білу мүмкін еместігін, себебі марқұмдардың диагнозын анықтау үшін тест жоқ екенін айтқан.

Аурухананың екі басшысы да тест жоқ болғандықтан COVID-19 белгілері болса да, науқастардың өлімінің себебін пневмония деп көрсетуге мәжбүр болғанын айтқан. Тағы бірнеше медицина қызметкері бұл тұжырымды растаған.

АЕ/АР 3 маусымда Тәжікстанның денсаулық саұтау министрлігіне жазбаша сауал жолдағанмен әзірге министрлік түсініктеме бермеді.

Бұған дейін де сарапшылар Тәжікстанның індет туралы ресми дерегіне күмән келтірген. Тәуелсіз басылымдар мен әлеуметтік желі қолданушылары «пневмониядан» қайтыс болғандар туралы ақпарат таратып, түсініктеме сұрағанмен сәуір айында да билік елде коронавирус жоқ деп мәлімдеген еді.

Тәжік билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының сапары қарсаңында яғни, 30 сәуірде елде вирус барын мойындап, 15 адамға COVID-19 жұққанын хабарлады.

Коронавирус туралы шынайы ақпарат бермеген Тәжікстанның ресми билігі есесіне журналистерді жалған ақпарат таратты деп айыптап, халық арасында дүрбелең туғызды деп кінәлаған.

Оқи отырыңыз: Алматы маңындағы «коронавирус зиратына» жерленгендер 64 адамға жетті, ал ресми деректе 12 адам деп көрсетілген

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39