Бердімұхамедов "шынайы ақпарат тарататын" мессенжер құруды ұсынды

27.06.2020, 14:57

45

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 24 маусым күнгі үкімет отырысында «халық арасында шынайы ақпарат тарату үшін интернет-хабарламамен алмасуға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі ұлттық жүйе» құру қажеттігін айтты. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Ол сонымен бірге "ұлттық экономика жетістіктерін" халықаралық қауымдастыққа жеткізу үшін түркімен ақпарат құралдарына танымал әлеуметтік желілерде тіркелуді тапсырған.

Түркіменстан президенті мұндай жетістіктер ретінде елдегі ірі өнеркәсіптік кешендер құрылысы, «көлік және отын-энергетика кешені саласында халықаралық маңызға ие ірі жобаларды» атап өткен. Оның ойынша, мұндай жобалар «халықаралық кеңістікте» айтылуы тиіс. Оның сөзіне қарағанда ол үшін "ұлттық сайттар мен қазіргі заманғы технологияны енгізу қажет".

Түркіменстан — жабық мемлекет, мұнда тек жекелеген мемлекеттік ақпарат құралдары ғана істейді. «Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінде» Түркіменстан әлем бойынша соңғы орындарда тұр. Бұл индексте соңғы орында Солтүстік Корея тұр. Түркіменстан сонымен бірге цензурасы күшті елдер тізімінде үшінші орында тұр.

2020 жылы ақпан айында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекеттік ведомстволарға веб-сайт ашуды тапсырған. 2019 жылы желтоқсан айында Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Ахал уәлаятының (облысы) әкімі болып тұрған президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедовтің мемлекеттік басқару жүйесінде бірінші болып электронды құжат айналымын енгізгенін хабарлаған. Бір аптадан соң президенттің ұлы облыс басшыларымен кездесіп, «цифрландыру саласында тәжірибесімен алмасқан».

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42