Қырғызстанда бір күнде 309 адамнан COVID-19 табылды, 3 адам қайтыс болды

27.06.2020, 20:57

4

Өткен тәулікте Қырғызстанда 309 адамнан коронавирус табылды. Бұл эпидемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Елде вирус жұқтырғандар 4513 адамға жетті. Бұл туралы сенбі күні денсаулық сақтау вице-министрі Мадамин Каратаев хабарлады.

Жаңа анықталған науқастардың басым бөлігі Бішкекте тұрады. Мұнда бір күнде 118 адамнан вирус табылған. Шу облысында — 23, Ош қаласында — 94, Ош облысында — 39 адамға вирус жұққан. Коронавирус жұқтырғандардың 43- і — медицина қызметкері.

Бір күнде COVID-19-дан 3 адам қайтыс болды: Ош облысында — 1, Жалалабадта 2 адам қайтыс болған. Елде барлығы 46 адам көз жұмған.

Бір күнде ауруханадан 50 адам жазылып шыққан. Үш айдан астам уақыттан бері барлығы 2212 адам жазылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аптада Қырғызстанды «вирус жылдам тарап жатқан елдер қатарына» қосты.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, вирус жұқтырғандар жылдам көбейіп жатқандықтан ауруханаларда орын тапшы.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39