АҚШ-та науқастардың көбейгенін барлар мен жағажайлардың ерте ашылуынан көреді

28.06.2020, 12:05

47

АҚШ-тың оңтүстігі мен батысында коронавирус жұқтырғандар көбейді, бұл биліктің экономиканы қалпына келтіру талпынысына елеулі кедергі жасап жатыр. Кейбір губернаторлар шектеу шараларын жылдам жұмсартып, барлар мен жағажайларды ерте ашқанын мойындады.

27 маусымда Флорида штатында бір күнде 9 585 науқас анықталып, бір күндік рекорд тіркелді. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі — жастар. Губернатор Рон Десантис штатта жағажайлар ашылғаннан кейін індет "өршігенін" айтты. Дерек бойынша, вирус жұқтырғандардың орташа жасы 65-тен 33-ке дейін төмендеген. Бұл тенденцияға төтеп беру үшін Флорида штаты жаңадан шектеулер енгізіп, Майами билігі Тәуелсіздік күніне орай белгіленген демалыс күндерінде жағажайларды жабатынын мәлімдеді.

Техас штаты да кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіру стратегиясын қайта қарауға мәжбүр. Штат билігі бір күнде 5700-ден астам науқас анықталғанын хабарлады.

Ал Бразилияда бір күнде 38 693 адамнан коронавирус табылған (Барлығы 1,3 млн науқас). 27 маусымда Латын Америка елінде 1 109 адам вирустан қайтыс болған. Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. АҚШ-та 2,5 млн адамға вирус жұққан, 125 мыңнан астам адам қайтыс болған.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16