Журналист Қуандық Шамахайұлы емханада жатып қайтыс болды

29.06.2020, 14:54

4

29 маусым күні журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын хабарланды. Туыстарының айтуынша, 59 жастағы журналист өкпесі қабынып, өткен аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жатқан. Содан бері жағдайы жақсарып, жазылуға жақын қалған.

Журналистің өзі таңғы 6:00 шамасында Facebook парақшасында қаладағы №1 аурухананың коронавирус жұқтырғандар палатасында емделіп жатқанын, түн ортасында медицина қызметкерлері келіп, белгісіз бір қағазға қол қойғызып, дәрі бергенін жазып, содан күдіктеніп отырғанын айтты.

«Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2..00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді» деп жазды Шамахайұлы Facebook-те.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Ұлы Берік Қуандықұлының айтуынша, журналист ауруханаға 23 маусым күні жатқан.

– Палатада жатты, ИВЛ болған жоқ ешқандай. Кеше жағдайым жақсы, температура жоқ, тәбетім ашылды деп өзі айтты, – деді ол.

Туыстары оңалып келе жатқан Қуандық Шамахайұлының кенет қайтыс болғанына күмәнмен қарап отыр. Ресми органдар журналистің өліміне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қуандық Шамахайұлы – Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. Ол 1961 жылы Моңғолияда туған. Сол елдің мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, көркем аудармамен айналысқан. Журналист билікке қатысты сыни көзқарастарын ашық білдірумен танымал.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39