Шымкентте карантин шаралары күшейтілді

29.06.2020, 17:46

3

Шымкентте эпидемиологиялық жағдайға байланыстыкарантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір Шымкент қаласында тек коронавирус емес, ЖРВИ(жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы жағдайғабайланысты 2020 жылғы 23 маусымынан бастап шектеу шаралары күшейтілді.

1.     Базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06:00-ден16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтермесауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелді.

2.      Барлық сауда нысандарының (ойын-сауықорталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер,гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмысы10:00-ден 18:00-ге дейін, ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мендүкендері сағат 21:00-ге дейін шектелді;

3.     Әлеуметтік арақашықтықты және санитарлықэпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыруорындарының жұмысы 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары,құйылатын сусындар мен балмұздақтар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді;

4.     Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағандаЖұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңертең сағат 08:00-ден12:00-ге дейін жұмыс істейді.

5.     Қоғамдық көліктер дезинфекциялық шараларды жалғастыраотырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және кешкі сағат17:00-ден 20:00-ге дейін шектелді;

6.     Жұмыс күндері қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлықобъектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар,сауналар, SPA – салондары және сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды,фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржысаласында) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Демалыскүндері жұмыс тоқтатылды.

Карантиншараларының орындалауын тиісті сала мамандарымен қатар, Шымкент қаласы Полициядепартаментінің қызметкерлері шахарға қарасты адам шоғыры көп орындардың бірібазарлардың жұмыс кестесіне сай таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін(азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарларысағат 05:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеуін қадағалап, рейдшараларын үздіксіз ұйымдастырып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34