29.06.2020, 12:19
60
Отандық БАҚ беттерінде ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланғанабитуриенттер тамыз айында қайтадан тест тапсыру мүмкіндігіне ие болады дегенақпарат тарап жзатыр. Аталған мәселеге байланысты Azattyq Rýhy тілшісі Білімжәне ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқан еді.
Мекеменің ресми өкіліГауһар Омарбекованың мәліметінше, аталған шешім әлі ресми күшіне енбеді.
«ҰБТ-датыйым салынған заттармен ұсталған абитуриенттердің тамыз айында қайта тесттапсыруына байланысты ақпарат ресми қабылданған жоқ. Бұл мәселе әліталқылануда»,-деді ол.
Ал Жамбыл облысының білім саласында сапанықамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Өскембаева Ratel.kz сайтынаберген ресми мәлімдемесінде тамыз айында абитуриенттер екінші мәрте тесттапсыру мүмкіндігіне ие болатынын айтқан.
«Бұлшешімді Білім және ғылым министрі кеше өткен видео-конференц-байланысотырысында қабылдады. Биылғы ҰБТ кезінде тыйым салынған шпаргалка, мобильдітелефон пайдаланған түлектер тамыз айында қайта тест тапсыра алады. Бірақжинаған балдарымен тек ақылы оқу орнына ғана құжат тапсыра алады»,- деді ол.
Айта кететіні, бұғандейін аталған ережені бұзғандар қайта тест тапсыруға бір жылдан кейін ғанажіберілетін. Биылғы ҰБТ 29 маусым мен 5 шілде аралығында өтіп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР