Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды

30.06.2020, 03:00

3

Отыз екі жастағы әйел 28 маусым күні инфекциялық аурухананың реанимациясында жан тапсырды. Дәрігерлер ананы да, баланы да құтқара алмады. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Ақтөбе облысы әкімінің денсаулық жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев айтты.

Екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға түскен әйелден коронавирус анықталған. Қалиевтің айтуынша, жүкті әйелдің өлімі вирустан емес, қосалқы диагноздарынан болған.

– Пневмонияға шалдыққан адамның өкпесіне қан ұйып қалады. Жағдайды қиындататын да осы жайт. Оның үстіне пациенттердің қосалқы диагноздары да сыр береді. Маусым айында пневмониядан Ақтөбенің 47 тұрғыны қайтыс болды. Оның басым көпшілігі егде жастағы адамдар – дейді Ақтөбе облысы әкімінің денсаулық жөніндегі кеңесшісі Әсет Қалиев.

Кешкі 17:00 уақытында болған брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин пневмониядан 62 адамның қайтыс болғанын айтты.

Ақтөбеде пневмония жұқтырғандар саны азаяр емес. Осыған орай денсаулық сақтау басқармасы туберкулезге шалдыққан балаларды емдейтін «Шағала» шипажайы базасынан 200 орындық пульмонология жасақтап жатыр. Пневмонияны емдейтін төртінші бөлім 30 маусым күні ашылады.

Қазір Ақтөбенің пневмонияға шалдыққан 997 тұрғыны ауруханада жатыр. 800-ден астам емханалар жанындағы күндізгі стационарда. Дәрігерлер 27 науқастың ауыр хәл үстінде жатқанын айтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34