Түркістанда “пара алған” судья 4 жылға сотталды

30.06.2020, 02:59

3

Түркістан қаласының соты облыстық соттың судьясы Әшірбек Рахымбаевты “пара алды” деген айып бойынша кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы 29 маусым күні Азаттыққа облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі 15 маусымда шыққан. Облыстық соттың судьясы болған Рахымбаев сотталған азаматқа тағайындалған жаза мөлшерін апелляциялық алқада жеңілдетіп беруге уәде етіп, 3 млн теңге пара алу кезінде ұсталған. Сот судьяны кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен бірге өмір бойы судья қызметін және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған.

Сотталушы судья сот залынан қамауға алынып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді.

Бұдан бұрын судья тағылған айыпты ішінара мойындайтынын мәлімдеген. Сотталушы қалалық соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірмеген. Бірақ 26 маусым күні Түркістан қалалық прокуратурасы сот үкімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген.

31 қаңтарда ҰҚК мен жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп Әшірбек Рахымбаевты “пара алды” деген күдікпен ұстағаны хабарланған.

Түркістан облыстық сотының мәліметінше, 1959 жылы туған Әшірбек Рахымбаев 1996 жылдан бері Түркістан облыстық сотында (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облыстық соты – ред.) судья болып жұмыс істеген.

KazTAG агенттігінің жазуынша, Рахымбаев «жала жабу» айыбы бойынша айыпталған болған Амангелді Батырбековтың ісін қараған сот алқасы құрамында болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34