Екінші рет құрылған медициналық сақтандыру қорынан үміт күтуге бола ма?

30.06.2020, 06:20

27


         Жас Алаш газетінің 2020 ж. 16 маусымдағы №47 (16542) санындабелсенді журналист Гүлбану Әбенованың мемлекет үлкен үміт артып отырғанӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты сынын, ашық ақпарат көздеріненалынған құжаттардағы қомақты қаражаты туралы жазғанбыз. Журналист Қордың жұмсапотырған шығындарына қатысты көтеріп отырған мәселесіне фейсбук желісінде қазір біразқазақстандық шу ете қалды. Көпшілігі Қордың жұмысына үлкен күмәнмен қарайтынын,қазіргідей ковид пандемиясына байланысты медициналық көмектің ауадай қажеткезінде көмек ала алмай, өзін өзін емдеп жатқандарын жарыса жазған.

«Аузы күйгенүрлеп ішеді» демекші, өйткені Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіненгізу тәжірибесі Қазақстанда 1996-1998 жылдары да болған. Алайда, көріпотырғанымыздай, одан оң нәтиже көріп қарық болмадық. 1998 жылы міндеттімедициналық сақтандыру қорының жетекшісі Талапкер Иманбаев шетелге кетіп, 2001жылы «қор қаржысын жымқырды» деген айыппен сырттай 9 жылға сотталып, артынша 2014 жылы ақпарат құралдарына берген сұқбатында ол өзіне тағылған айыптымойындамайтынын айтқан. Ендеше, жұрттың көкейінде «мұндай жағдай тағы қайталанбайтынынакім кепіл» деген күмәннің болуы да орынды.   

         Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіненгізіп, халықтың денсаулығын нығайтамыз, жақсартамыз деген алғашқыталпынысымыздың осылай тас-талқаны шықты. Бірақ pavlodar.gov.kz сайтында «Қазақстандаміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелеріне қатысты 100сұрақ-жауап» айдарында жауаптылар: «1996-1998 жылдары сақтандыру медицинасыненгізу бағытында жасалған бұл қадамды сәтсіз деу қате. Себебі, оның да жағымдытұстары болды. Оның денсаулық сақтау нысандары желісін сақтап қалуға жәнеэкономиканың осы секторына қосымша қаржы тарту арқылы медициналық көмектіңқолжетімділігін арттыруға қосқан үлесі зор болды. Мұны осы реформаның ең бастынәтижесі деуге болады» деп қанша ақталды. 

Қанша ақталғанымен,кезінде аяқсыз қалған реформаны сәтті деуге ауыз бармайды. Оны күні кешетағайындалған министр Алексей Цойдың өзі «Бұған дейінгі қор құру туралы бастамасәтсіз аяқталды. Онда кеткен қателіктерді қазір ескеріп отырмыз» деп Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болған кезінде мойындап қойған. Ал ЕлжанБіртанов биыл 11 маусымда берген сұхбатында бұл Қор алдыңғының жағдайынқайталамайды деп уәде еткендей болған еді, бүгін ол денсаулық сақтау саласыныңэкс-министріне айналды. Уәденің орындалуын енді А.Цой мырзадан талап етеміз бе,қайтеміз?

         Мәселен, әлеуметтік желіде 1 мыңнан астам адам Медициналықсақтандыру қорының ақшаны дұрыс мақсатқа жұмсап отырғанына  сенбейтінін жазып, қол жинап, бүгін – 29маусымда мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевқа хат жолдамақшы. Себебі олар дәлқазіргідей адамдар қайда емделерін білмей, сатып аларға дәрі таппай абдырап жатқандүрбелең жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағыларды неге сіз бенбіздің ақшамызға қамтамасыз етуіміз керек деп ашынуда. «Халық өзінің сақтандыруғақұйған ақшасына медициналық көмек ала алмай отырғанда, неге ай сайын Қордың баскеңсесіндегі 229 адам үшін жалдамалы 7 қабатты ғимаратқа 22 млн теңге төлеуікерек, Қор өкілдерінің автокөліктерін қоюға арналған парк үшін неге 26 млн,жиһаздар мен компьютер, байланыс, интернет үшін миллиондаған қаражат негежұмсауы керек?» деп налиды.

         Айта кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Міндеттіңәлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне алғашқы жарна түсе бастаған.2018 жыл басталысымен қазақстандықтардың барлығы сақтандыру жүйесі бойыншамедициналық жәрдем ала бастауы тиіс еді.  

         МӘМС-ке қатысты наразылығын Президентке жеткізуге бекініпотырғандар сақтандыру қорын таратып жіберуді сұрап отыр. Хаттың қысқаша мазмұнымынадай: «Сізден МӘМС медициналық сақтандыру ұйымының қызметін қарап, оныңқаржылық есептілігіне аудиторлық тексеру жүргізуді тапсыруыңызды сұраймыз. Ашық көздерден МӘМС медициналық сақтандыру ұйымы ел азаматтарын емдеугеемес, өз персоналы үшін ғимараттарды жалға алуға және қымбат жиһаз сатып алуға жәнееліміздің науқас азаматтарын емдеуге қатысы жоқ басқа да қызметтерге көп қаражатжұмсайтыны белгілі болды. Мұның бәрі әсересе бүгінгі таңда коронавирустыңқарқынды таралуы және еліміздегі науқастардың саны 20 мыңнан асқан шағындажұртшылықтың шамына тиіп отыр. Егер аталған медициналық институт алдынақойылған мақсаттарын орындай алмаса, оны құру кезінде МӘМС-ке жүктелген үміттіақтамағандығына сәйкес ликвидация жасау қажет. МӘМС медициналық сақтандыружұмысының қаншалықты маңыздылығын және елдің денсаулық сақтау саласынабюджеттік қаржыны ұлғайтуды, сондай-ақ МӘМС-тің барлық функцияларын тікелей ҚРДенсаулық сақтау министрлігіне беру туралы мәселені қарастыруды сұраймыз»делінген.

Нұрай РАХЫМ 




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09