«Ұлықтау ма, мазақтау ма?»

30.06.2020, 06:30

46

 Жезқазғанда орнатылған Абай бюсті жергілікті халықтыңашу-ызасын тудырды

    «Атың шықпаса– жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?» Бүкіл қазаққа дана болған Абай өзінің қара сөзіндехалық жиі қолданатын мәтелді осылайша сынаған еді. Иә, солай. Күні кеше Жезқазғандаұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына тарту ретінде қойылған бюст «атың шықпаса –жер өрте» дегеннің нақ өзі болды.    Жезқазғанқаласындағы Абай және Сарыарқа көшелерінің қиылысына ұлы ақынға арналған бюстқойылып, оның түр-тұрпатынан жұрт шошынып қалды. Архитектуралық талапқа сәйкескелмеген бюстің тұғырын салу да дұрыс ойластырылмапты. Әлеуметтік желіде бұлмүсінді көрген жұрт «мүмкіндігі шектеулі Абай», «Чупа-чупс» тәрізді Абайескерткіші» деп, жағымсыз пікірлерін білдіріп жатты.

 Расында, мүсінді алғаш көргенде бірденселк еткізердей жайсыз әсер қалдырады. Бюсті көрген жұрт «бұл Абайды ұлықтауемес, мазақ қылу» деп наразы болды. «Абай атамыздың тойына мұндай тартужасағанша, жасамаған дұрыс еді. Жезқазғанда қаншама талантты мүсінші,архитекторлар бар. Бюст қояр алдында солардың біреуімен негеақылдаспаған? Бұл бюстің постаменті жоқ, трубаға кигізілген бас сияқты,сыртынан қарағанда шахмат фигурасы тәрізді. Кез келген адам қандай шаруанықолға алса да, өзіне ұяты келмейтіндей атқарғаны абырой.  Алайда мұныбіздің шенеуніктер ескермеген», – деп мәлімдеді «Жас Алашқа» пікір білдірген  Жезқазғанқаласының тұрғыны, қоғам белсендісі, журналист Мақпал Орынбетова.

     Ұлы ақынға арнап қойылған бюстке  жұрттыңнаразылығы көбейген соң, шенеуніктер оны алып тастап, осымен шаруа бітті депотырған сыңайлы. Сонда халқымыздың данасы, ұлт мақтанышы Абайдың ескерткішінкөшеге ойып тұрып орнатып, кейін алып тастайтындай данагөйіміз шенділердің ойыншығыболғаны ма?! 

     Бұл бюсті жасатуға, оны орнатуға мемлекетқаражаты жұмсалғаны  анық. Алайда Жезқазғанқаласының әкімдігі бюстке қанша қаражат кеткенін әрі бұл туындының авторы кім екенінқұпия ұстап отыр. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, енді шенеуніктер «бұл ұлыАбайға сәтсіз жасалған бюст қана, кейін үлкен ескерткіш қоямыз, оны дайындапжатырмыз» деп ақталды. «Абай мүсініндегі кіші архитектуралық пішінге мемлекеттіксатып алулар заңына сәйкес, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларкөлігі және  автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттікмекемесі конкурс өткізіп, орналастырған болатын. Бірақ шығармашылық кеңес аталған кішіархитектуралық пішінді мақұлдамағандықтан, бүгінгі күні аталғанмүсінді алып тастауға шешім қабылданды. Абай–Сарыарқакөшелерінің қиылысында абаттандыру жұмыстары жалғастырылады», – деп мәлімдедіЖезқазған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
    Жезқазғанқаласында мүсіннен  мүлт кеткен жағдайлар жалғыз бұл емес екен.Тұрғындардың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Сәкен Сейфуллинге және Абылай ханғаорнатқан ескерткіштер көрер көзге қораштау болып шыққан. Ақыр соңында жұртқаұнамаған соң, Сәкен ескерткішін қайта жөндеп, басқа жерге орналастырса, Абылай ханға арналған ескерткішті қала сыртына апарып қойған. Жезқазған жұртыосындай олқылықтардан сабақ алмаған жергілікті атқамінерлерге өкпелері қарақазандай екенін ашық айтты.

 Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36