«Науқастарды ауруханаға қабылдамай жатыр»

30.06.2020, 12:46

6

        Шымкент қалалықәкімдігі  атышулы видеоға қатысты түсінікберді

Шымкенттеөкпе қабынуыдертінешалдыққаннауқастаразаймайтұр. Ауруханадаорынжетіспегендіктен,қалалықәкімдікқосымшапровизорлықжайларашуғамәжбүрболды. Соңғы күндері қаладағы дәріханалар мен процедуралықкабинеттердің алды кезек күтіп отырған халықтан босамай тұр. Бұл дегеніңіз ауруханағабармай, үй жағдайында ем қабылдап жатқандардың өте көп екенін байқатады. Ресмимәлімет бойынша соңғы бір айдың көлемінде қалада пневмониядан қайтыс болғандардыңсаны 24-ке жеткен.


Қайбір күні ғаламторда жұқпалы аурулар ауруханасыныңалдында тізіліп тұрған жәдел жәрдем көліктерінің көп екені, дәрігерлердіңкелген науқастарды қабылдамай жатқаны туралы видео таралды. Оны жедел жәрдемқызметінің дәрігері түсірген. Бұл жағдай жұртшылықты дүрліктіріп, әлеуметтікжеліде, республикалық ақпарат құралдарында «Шымкентте коронавирус індетіне қатысты ахуал ушығып бара жатыр» дегенәңгімелерді күшейте түскені рас. Сенбі күні қала әкімі Мұрат Әйтенов денсаулықсақтау саласына жауапты мамандармен бірге брифинг өткізіп, осы мәселеге түсінікберді.

Брифингке жоғарыда аталған видеоны түсіргенШымкент қалалық жедел жәрдем стансасының дәрігері Арман Хамзин де қатысты. Оның айтуынша, жағдай, расында да, өте қиын болған.

– Аталғаноқиға болар кезде науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу туралы координацияберген. Бірақ біз аурухана алдына келгенде жедел жәрдем көліктерінің көбейіпкеткенін көрдік. Сөйтіп, ауруханада орын жетіспеушілігі туындады. Яғнидиспетчерлік орталық бізге дұрыс бағыт бермеген. Ал науқас екіжақтыпневмонияның ауыр түрімен ауырған, жағдайы нашар еді. Сол себепті науқастыжедел орналастыру қажет болатын. Осы уақытта жағдай ушықты. Науқастың халінашарлай берді. Оның өміріне алаңдап, бейнероликке түсірдім. Содан көп ұзамаймәселе шешіліп, науқасты қайда орналастыру туралы хабарлама келді. Осы ретте, бұл түсірілімнің әлеуметтік желіде тарап, халықтыңдүрліккенін қаламағанымды айта кетейін, – деді дәрігер.

Алқала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, жағдай толық бақылауда. Медициналыққызмет тиесілі міндетін атқарып жатыр.

–Мүмкін, дәрігерлер кінәлі емес те болар. Өйткені жәдел жәрдемқызметі бойынша шақыртулар кейде саябырсып, кейде күрт өсіп кетеді. Осылайшақырту тым көбейген жағдайда болған жайтты халық дұрыс түсінбей, «Шымкентқаласындағы ауруханалар науқастарға медициналық көмек көрсете алмай отыр» депдүрлігуде. Бірақ әлеуметтік желілерде тарап жатқан бұл ақпараттар қисынға келмейді,– деді қала әкімі.

Қалалықжедел жәрдем  стансасы бас дәрігерініңорынбасары Шолпан Оспанованың айтуынша,  науқастардықабылдамау жедел жәрдем көмек көрсететін қызметкерлердің жіберген қателігіненболған. Қазір кінәлілер анықталу үстінде және оларға шара қолданылады. Мамандардыңайтуынша, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалыауруханаларда – 350, жаңа салынған госпитальда – 200 және «Атамекен» провизорлық стационарда 100орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханаларда – 321, госпитальда – 172 және «Атамекен» провизорлық стационарда 42 науқас емделуде. Бұдан бөлек, 115 орын бос.

– Сонымен қатар қалада 1690 провизорлық орын бар. Оның ішінде 1315-інде науқастар ем алуда, қалғаны бос. Яғнипровизорлық орындардың 77 пайызы толып тұр. Бүгін 500 орынашамыз. Ал жексенбі күні – 200, дүйсенбі күні500 орын дайындалады. Сондай-ақ 51 мекемеде 628 төсек орындық күндізгістационар аштық. Оның 248-і бос. Аталған күндізгі стационардағы бір орын күнінебес адамды қабылдай алады. Күндізгі стационарларда науқастар тіркелген емханасыбойынша тегін емделеді. Халыққа дер кезінде медициналық көмек көрсету үшінемханалар жұмысын екі есе күшейтеміз, – деді қала әкімі.

БүгіндеШымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2084 науқас тіркелген. Оның 45пайызы симптомсыз. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаеваныңайтуынша, соңғы күндері дәріханадан парацетамол препаратын алып, пайдаланушылардың саны артқан. Алайда аталғандәріні аурудың симптомы байқалмаған жағдайда ішугеболмайды. Егер дәрі нормасы 4 грамнан асып кетсе, ол адамның бауырына аса ауырзардаптар әкелуі мүмкін.

ПневмонияТүркістанда да күшейіп тұр. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, тұмаубелгілерімен дәрігерлік көмекке жүгінетіндер көбеюде. Қазіргі таңда  Түркістан облысы бойыншапровизорлық ауруханаларда  958 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр. 198науқас жазылып шықса, 1 маусымнан бері облыс көлемінде 23 адам аталған дерттенкөз жұмған.

М.Пашимовта «ауруханаларда орын жетіспей жатыр» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынынеске салды.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент қаласы







Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27