30.06.2020, 07:26
79
Дәрігерлер шынымен бәрін бақылап отыр ма?
Қазір әлемді дендепжатқан қытайвирусы қазақ қоғамын да әрі-сәрі күйге түсіріп, елдің дегбірін қашыруда. Індетке қатысты әлемдік денсаулық сақтауұйымының да болжамдары мен зерттеулері көңілді аса көншітіп тұрған жоқ. Мәселен, жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы коронавирус ең тез таралатын елдердің қатарына Қазақстанды да қосты.Аталмыш ұйымның есебінше, бұл тізімге Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзірбайжан,Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косовокіріп отыр.Бұдан бөлек, әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандыдәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына да қосты.
Аталмыш халықаралық ұйымныңмәліметінше, біздің елдегі дәрі-дәрмек бағамы Армения, Молдова, Украина,Беларусь, Қырғыз және Ресей елдеріндегіден де аспандап тұр. Мысалы, Арменияөзінің халқын дертінен жазып алу үшін сатылымға түсетін дәрі-дәрмегіне 7,1пайыз ғана үстеме қосса, Украинада бұл көрсеткіш – 5,5, Ресейде – 7,5, Қырғызелінде 6,2 пайызды құрайды. Ал бізде сатылымға түсетіндәрі бағамына қосар үстеме баға 20-30 пайызға дейін жетіп үлгерген. Мұны ескергенсала мамандары елдегі дәрі-дәрмек бағамына дереу мемлекеттік бақылау енгізу керегін алға тартуда. Ендеше, тақырыпты тарқатып көрелік.
Шектік бағабелгіленгені жөн
Жалпы, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы,қажетті емін алу үшін қайсыбір дәрілерге әлеуметтік жағдайы төмен таптың қолыжете бермейтіні, тіптен тегін берілуі тиіс дәрілердің саудаға түсіп кететініайтудай-ақ айтылып жүр. Десе де, тиісті орындар осы уақытқа дейін дәрі бағамына шектік бағабелгілеу жайына аса мән бере қоймады. Ал бұл сала өкілдерінің айтуынша, тиісті реттеусіздәрі-дәрмекті нарыққа шығару өте қиын. Қазіргі жағдайды сәтті пайдаланып, еліміздегі фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалар дәрі-дәрмектіңбағасын еселеп көтеруде. Бұл әрекет импорт препараттарын өндіруші бағасынанүш-төрт есеге қымбат болуына әкеп соғуда. Бір дәрі сатылғанға дейін орташаалғанда 5-10 делдалдың қолынан өтуі ықтимал. Бір бұл емес, қаншама дәрініңбағамы сатылымға түскенде еселеп өсіп шыға келеді. Сондықтан дәрі-дәрмекбағасын реттеуді мемлекет өз қолына алған жөн.
Бұған қатысты «Аналитик»талдау-зерттеу орталығының маманы Надежда РОКИНА былай дейді:
– Жеке құрылымболғандықтан, препараттарға біреуі – 10, енді бірі 20-30 пайыз үстемеақықосып жібереді. Оларға бұл тұрғыда ештеңе айта алмайсыз. Қандайда бір шара қолдану үшін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралыкодекске түзетулер енгізгеніміз жөн. Сол арқылы дәрілерге мемлекеттік реттеуорнату керек. Әсіресе мемлекеттен тегін берілетін дәрілерге бақылаудыкүшейткен абзал. Мысалы, үкімет тегін берілуі тиіс дәрілермен халықты қамтуүшін қаншама қаржы жұмсайды. Әттеген-айы – сол тегін дәрілердің өзі кейде сатылымғашығып кететін жайттар жиі кездеседі. Бұл салада түйіні көп мәселелержетіп-артылады. Сондықтан мұны үкімет мемлекеттік тұрғыда реттеу қажет.
«Маска жоқта тігіп кидік, дәрі жоқ болса неістейміз?»
Мемлекеттік реттеу дегеннен шығады,қазір пандемия кезеңі. Індет жұқтырған елдің қарасы көп. Індеттің алдын алуүшін вирусқа қарсы дәрілерді қазір ауырғаны бар, ауырмағаны бар – халық жаппай сатып алуда.Соның салдарынан елдің көбі «қарапайым ғана ыстық түсіретін парацетомол дәрісінтаппай қалдық» деп шағымдануда. Мұны жазып, әлеуметтік желіде тиісті саланыңшаңын қағып, сынап, сілкілеп жатқандар да жетерлік. Ал біздің билік қандайкөзілдірік киіп алғанын қайдам, мұндай шағымдарға қатысты «барлығы бақылауда,дәрі-дәрмек жеткілікті» деп есеп беруден танбайды.
Бұл реттеАлматы қаласы Жетісу ауданының тұрғыны Ержан ҚАСЫМБЕК:
– «Барлығы бақылауда» деп есеп береді. Бірақосы жағдайға енгелі бері халық өз жарасын өзі емдеп жазуда. Сенсеңіздер,қарапайым парацетомол мен аспириннің өзі қат. Маска жоқ кезде қолдан тігіпкидік. Ал дәрі жоқ кезде не істейміз? Дәрі бағасы қатты өсіп кеткен. Өлейіндесең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат. Нақ осының кебін киіп отырмыз,– дейді.
Расымен де, «Жас Алашқа» дәрініңқымбаттығын, тапшылығын айтып, шағымданған адам көп. Мысалы, Алматы қаласыныңтұрғыны, ІІ топтағы мүгедек баласын бағып отырған Гүлмария Мамиханованыңайтуынша, оларға бұған дейін де үкіметтен көмек шамалы болған, енді тіптен жандарыншүберекке түйе бастапты.
– Мүгедектігі үшін берілетін 50 мыңтеңге жәрдемақы аламыз, ол дәрісіне дежетпейді. Баламның ұстамасын жеңілдететін дәрілер соңғы екі айда 30-40 пайызғақымбаттап кетті және ол дәрілерді табудың машақаты көбейді. Менде көптіңкөмегімен, елден жылу жинау арқылы алып отырған сол дәрілердің өзіне зар болыпқаламыз ба деген қорқыныш басым. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі жеделтүрде осы жайттарды ескерсе деймін, – дейді Гүлмария Мамиханова.
Жалған дәрілер дежапа шектіріп жүр
Абзалында, дәрі-дәрмек жайын сөз еткендежалған дәрілер мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Бұл жайындамамандарымыз «елімізге елеусіз еніп кететін жалған дәрілерден түсетін табыскөзі есірткі айналымынан түсетін пайдадан да асып түседі» деген деректердіалға тартты. Мысалы, ресми деректерге жүгінсек, әлем бойынша 1,5 млн адам осыжалған дәрінің салдарынан көз жұмады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының мәліметінше, жалған дәрілердің 47 пайызын антибиотиктер құраса, 18пайызын психотроптық заттар құрайды, ал қалған 35 пайызы қолданыста көп пайдаланылатын,халық сұранысына ие өнімдерге тиесілі. Мамандарымыз бұған қатысты алдағы уақытта сырттан келетіндәрі-дәрмек атаулыға кедендік бақылауды күшейтуді жөн санайды.
Бұғанқатысты химик-ғалым ҚорланАбсалықованың айтуынша, жалғандәрі индустриясы гормондық дәрілерді, белсенді биологиялық қоспаларды дашарпыған. Сондай-ақ поливитаминдердің құрамында 15 дәруменжәне басқа да минералды заттар бар деп көрсетіледі. Өкініштісі, мұныңбасым бөлігі зертханалық тексеру барысында химикаттар болып шығады екен.
– Мұндай көпкомпоненттіпрепарат адам ағзасына оңай сіңе қоймайды. Жалған дәрі бизнесімен айналысушыларкөбінесе брендтік дәрілерді жасауды жөн көреді. Зерттеулеркөрсеткендей, жалған дәрілер құрамының 20 пайызы ғана дәрілік сәйкесэлементтерден тұрса, қалғаны бор, әк ұнтағы секілді заттардан жасалатыныанықталған жайттар да кездескен-ді. Өз басым халықтың денсаулығымен ойнап,осылайша қылмысқа жол беріп жүргендерге жазаны күшейту керек деп ойлаймын, – дейдімаман.
Жұрт кімге, негесенерін білмей қалды
Ақиқатын айту керек, қазіргіжағдайда жұрт кімге, неге сенерін білмей қалды. Бірі министрдің аузын бақса,енді бірі «бұл – саясат» деп, қолын бір сілтеді. Ал медицинаға сенбеген қайсыбірібақсы-балгер аралап, солардың көмегіне жүгінді. Халықтың санасын «ауруханаға барсаң,коронавиурс деп статистикаға қоса салады»деген қорқыныш меңдеп алды. Мұны ескерген сарапшылар нақ қазіргі жағдайдаөзін-өзі емдеушілердің республика бойынша артып кеткенін айтып дабыл қағуда. Елдіңбұрын да бұл салаға сенгенінен сенбегені көп еді. Қазіргі жағдай халықтыңкүдігін тіпті қоюлатып жіберді.
Ендігі кезекте мамандар денсаулық саласынбасқаруға жаңадан келіп жатқан министр Алексей Цой шұғыл түрде осыкелеңсіздіктерді ескеріп, айтылғанұсыныстарға мән берсе дейді. Ол үшін, біріншіден, ірі қалаларда қаптап кеткендәріханалардың санын шектеуге назар аударуған жөн. Екіншіден, шекара асыпкелген дәрілерді жан-жақты талдайтын, зерттейтін веб-зертханалар ашу қажет. Үшіншіден, жалған дәрілік заттардытаратқандарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Бұл ретте сапасыз, жалғандәріні сатылымға шығарған компанияларға Францияда, АҚШ-та 2 млн долларкөлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйесі жазықтылардыдереу бас бостандығынан айыруға дейін барады.
Міне, мамандардыңпайымынша, дәрі-дәрмектің 90 пайызын шеттен алатын Қазақстанға осыны мықтапескерген жөн. «Абзалында, қазіргі жағдайда «барлығы бақылауда» деп, арқаныкеңге сала бермей, ақиқатты ашып айтып, жоқты жоқ, болмасты болмайды деп айтабілу де халыққа жанашырлық» дейді мамандар.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР