Денсаулық министрі бір айға созылатын қатаң карантин тәртіп енгізуді ұсынды

30.06.2020, 09:05

49

29 маусым күні Ақордадағы жиналыста денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен күресудің үш кезеңдік жоспарын ұсынды. Жоспар екі апталық дайындық кезеңінен, екі аптадан төрт аптаға дейінгі карантиндік кезеңнен және посткарантиндік кезеңнен тұрады.

“Дайындық кезеңінде денсаулық сақтау жүйелерін ресурспен қамту, халықтың медициналық көмекке өткір мұқтаждығын қанағаттандыру және медициналық қызметкерлерді ұйымдастырушылық дайындау қажет” деді Цой.

Министрдің айтуынша, карантин мерзімі инфекцияның халық арасында жаппай тарауын тежейді.

“10 маусымнан бері COVID-19 ауруының клиникалық белгілері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмония жағдайларының едәуір өскенін байқап отырмыз. Соңғы күндері мұндай пневмония жағдайларының тәуліктік көрсеткіші 2,5 мыңға жетті. Біздің эксперттер эпидемиологиялық ахуал өрлеуінің үш сценарийі бойынша вирус жұқтыру саны мен қажетті инфрақұрылым жөнінде болжам жасады”, деді ол.

Індеттің карантинсіз тарауын білдіретін бірінші сценарий бойынша, тамыздың соңына таман күн сайын 27 мың ауруханаға жатқызуды қажет ететін COVID-19 жағдайы тіркеліп отырады. Инфекциялық және провизорлық төсек-орынға мұқтаждық 300 мың шамасында болады.

Екі апталық қатаң карантиндік шектеулерден тұратын екінші сценарий бойынша, күніне жеті мыңға дейін ауруханада емдеуді қажет ететін жағдай тіркеледі. Төсек-орынға мұқтаждық тамыздың соңында 80 мың болады.

Төрт апталық қатаң карантиндік шектеулерден тұратын үшінші сценарий бойынша, тамыздың соңына таман күніне ауруханада емдеуді қажет ететін 2500 жағдай тіркеледі. Төсек-орынға мұқтаждық 30 мыңға дейін өседі. Министр осыны ең тиімді жоспар деп атады.

29 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус тарауының үдеуіне байланысты үкімет мүшелерімен жиналыс өткізіп, бір топ шенеунікке сөгіс және ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданды. Жиналыста коронавируспен күреске тікелей жауапты мемлекеттік мекеме басшылары баяндама жасады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05