Денсаулық министрі: Енді вирустан көз жұмған марқұмды кез келген зиратқа жерлеуге болады

30.06.2020, 20:59

36

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеудің тәртібі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

“Қайтыс болғандарды жерлеу халық үшін маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгеріс енгізілді. Енді марқұмдарды барлық санитарлық талапты сақтай отырып, кез-келген зиратқа жерлеуге болады” деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Осыған дейін коронавирус жұқтырып, салдарынан қайтыс болған адамдар арнайы зираттарға жерленіп келген. Солардың бірі – Алматы маңындағы Қараой ауылындағы зират. Азаттық аталмыш зиратқа бірнеше рет барып, вирустан қайтыс болғандардың ресми саны мен жерленген адамдар саны арасындағы алшақтықты көрсеткен болатын. Көп ұзамай денсаулық сақтау министрлігі “коронавируспен қайтыс болған бірақ өлімінің себебі өзге” деген адамдардың барын мойындап, олардың санын айтты.

Министр санитарлық талаптардың орындалуы қалай бақыланатынын айтпады.

Жергілікті халықтың дәстүрі мен әдеп-ғұрыптары — вирустың тарауын тежеуге кедергі болып отырған факторлардың бірі. Карантиндік шектеулерге қарамастан, тұрғындар той-томалақ, құдалық, қайтыс болған адамға ас беру секілді көп адам жиналатын шараларды өткізіп келеді.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 40 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Вирус жұқтырғандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі жекеменшік зертханалар ПТР талдауына сұраныстың артуына байланысты бірнеше рет жұмысын уақытша тоқтатты. Ал бірқатар өңірде коронавирус белгілері бар, бірақ ПТР талдауы теріс нәтиже берген ауыр пневмония жағдайлары артқан. Кеше, 29 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірде пневмониядан 62 адамның қайтыс болғанын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42