Қазақстан төрағалық еткен ЕҚЫҰ белсенді Әлнұр Ильяшевтің үкімін сынға алды

01.07.2020, 15:49

4

Қазақстандық белсенді Әлнұр Ильяшевтің үкімі ЕҚЫҰ территориясындағы сыни пікірді тыюға бағытталған көптеген талпыныстардың ең кейінгісі” деді ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Ингибьёрг Сольрун Гисладоттир (ханым).

Гисладоттир Twitter-дегі аккаунтына ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бәрін адам құқықтарын қорғаумен айналысатын азаматтарды “қорғауға және әрбір адамның құқығын құрметтеуге” шақырды.

Алматы соты 22 маусым күні қазақстандық белсенді Әлнұр Ильяшевті “көрінеу жалған ақпарат тарату” айыбы бойынша кінәлі деп тауып, бас бостандығын үш жылға шектейтін, 100 сағат түзеу жұмыстарын атқаруға міндеттейтін, қоғамдық қызметпен айналысуын бес жылға тыятын үкім шығарды.

Ильяшев Facebook-тегі жазбасы үшін “төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты” деп айыпталған болатын. Жазбасында ол билік партиясы “Нұр Отанды” сынаған. Белсенді сондай-ақ биліктің коронавирус пандемиясына қарсы шараларында сынға алған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша бюросы Қазақстан үкіметін белсенді Әлнұр Ильяшевтің азаматтық құқығын бұзбауға шақырған болатын.

Бұған дейін штаб-пәтері Лондонда шоғырланған халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы да Әлнұр Ильяшевке шығарылған үкімді сынаған. "Әлнұр Ильяшев ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Оның бар жасағаны өз пікірін бейбіт түрде білдіру еді, ал билік пен оның “эксперттері” мұны қылмысқа балап, қатаң жаза қолданды" деп мәлімдеді ұйым өкілдері.

Қазақстанда 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында төтенше жағдай тәртібі болды. Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар Қазақстан билігі төтенше жағдайды өзін сынайтын адамдардың үнін өшіру үшін пайдаланып отыр деп бірнеше рет айтқан.

ЕҚЫҰ мүшелігіне 1992 жылы өткен Қазақстан 2010 жылы оған төрағалық етіп, ел астанасында ұйымның саммитін өткізген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34