Вице-министр: “Парацетомол” апта соңында барлық өңірде болады

01.07.2020, 13:12

40

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова Қазақстан дәріханаларында вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар тапшы екенін мойындап, дене қызуына қарсы қолданылатын “Парацетамол” дәрісіне тапсырыс берілгенін, апта соңына барлық өңірге жеткізілетінін айтты.

“Дене қызуын түсіретін дәрілер мен антиретровирус препараттарының таусылуына байланысты бір апта бұрын дүрлігу болған. Дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен нарықты дәрімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргіздік… Бүгіннен бастап дене қызуын түсіретін “Парацетамолдың” таблеткадағы түрі сатылымға түсті. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Қарағанды облысының дәріханаларында сатылып жатыр. Апта соңына дейін барлық дерлік өңірге жеткізіледі” деп уәде берді Бұйрабекова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министрлік өкілі коронавирус инфекциясымен жұқтырған науқастарды емдеу үшін 138,8 миллион теңгеге59 дәрі түрі сатып алынғанын айтты.

Вице-министр дәрі бағасын реттеу былтырдан бері денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде екенін айтты. Ол «дәрінің аймақ бойынша бағасын дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығына тиесілі dari.kz сайтынан білуге болады» деді. Бірақ дәл қазір сайт ашылып тұрған жоқ.

“Медициналық ұйымдарда «Лопиновир», «Ритонавир» және «Гидроксихлорохин» дәрілері бар. «Ремдесивир» дәрісін сатып алу жұмыстары аяқталды, келісім шарт жасалды, енді жақын күндері бұл дәрі стационарларға жеткізіледі” деді ол.

Коронавирус жұқтырып, ауруханада емделген адамдардың көбі дәрігерлердің “Алувиа” дейтін дәріні бергенін айтқан. Ол дәрі Бұйрабекова айтқан “Лопинавир” мен “Ритонавирден” тұрады.

Ал безгекке қарсы қолданылатын “Гидроксихлорохинге” байланысты күдік көп айтылды. АҚШ бұл дәріні коронавируспен ауырғандарды емдеуге қолдануды тоқтататынын айтып, ДДСҰ дәрінің тиімділігін тексеретін сынақтарды аяқтайтынын мәлімдеген.

Бірқатар зерттеуде “Гидроксихлорохиннің” коронавирусты жұқтырған адамға көмегінен гөрі теріс әсері көп болуы мүмкін деген қорытынды жасалды. Бірақ 30 маусымда дәрінің коронавирусқа қарсы емдік қасиетін сынау қайта қолға алынды. Зерттеушілер енді дәрінің вирустан қорғауына әсері бар-жоғын тексермек.

23 маусым күні Қазақстанның бас инфекционисі “Гидроксихлорохиннің” коронавирус жұқтырған науқастың жағдайына қарай беріліп жатқанын айтты.

Людмила Бұйрабекова сондай-ақ антибиотикті дәрігердің нұсқауынсыз ішпеуге шақырды. Айтуынша, мұндай дәрілерді себепсіз ішу бактериялардың төзімділігін арттырып аурудың күшеюіне әкеледі.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин шектеулері алынған соң аурудың тарауы ушығып кетті. Ресми дерек бойынша, вирус жұқтырғандардың саны 40 мыңнан асып, 188 адам коронавирустан қайтыс болған. Ауруханаларда орын тапшылығы байқалып, өз үйінде емделіп жатқандар саны артты. Осыған орай тұрғындар тарапынан вирусқа қарсы препараттар мен дене қызуын түсіретін дәрілерге сұраныс артып, тапшылық пайда болды. Адамдар бар дәрінің алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> <img src=«gdb.rferl.org/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_tv_w250_r1.jpg» alt=""Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ" title=""Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ" /> please wait <video poster=«gdb.rferl.org/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67,_240p,,_480p,_720p,_1080p,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_240p.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_240p.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«240p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_480p.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_480p.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«480p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_720p.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_720p.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_1080p.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_1080p.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30698644&SiteId=5&r=1422200957&it=0&pd=20200630124100» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=""Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
<a class=«js-media-title-link» href="/a/30698644.html" target="_blank" title=""Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ">"Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30698644.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:04:06 0:00 Жүктеп алу <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67.mp4?download=1» title=«360p | 18,5MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30698644, '»Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '06', '30')"> 360p | 18,5MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_480p.mp4?download=1» title=«480p | 33,5MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30698644, '»Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '06', '30')"> 480p | 33,5MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_720p.mp4?download=1» title=«720p | 61,1MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30698644, '»Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '06', '30')"> 720p | 61,1MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/06/9/9e/9eefc776-a3d9-46c5-b496-20c3fd430c67_1080p.mp4?download=1» title=«1080p | 97,7MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30698644, '»Өлім көбейді". Мәйітхана алдында кезек көп, дәріханада дәрі жоқ', null, 'Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '06', '30')"> 1080p | 97,7MB
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40