Билік Алматы қаржы полициясы экс-басшысының жазасын қысқартты

01.07.2020, 21:43

3

Қазақстан Жоғарғы соты 30 маусымдағы шешімімен Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевтың жазасын бес жарым жылған дейін азайтты. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов хабарлады. Аманбаев 2017 жылы ақпанда "қылмыстық топқа жетекшілік ету" ісі бойынша айыпты деп танылып, сот үкімімен 14 жылға түрмеге қамалған.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Аманбаевқа сот үкімі «көпе-көрнеу айыптау сарынмен шығарылған» деген тұжырым жасаған. Баспасөз хатшысының айтуынша, сот алқасы Аманбаевқа тағылған "қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткен", «жалған кәсіпкерлікке болысқан», «пара алған», «шыққан тегі күмәнді ақшаны заңдастырған» деген айыптар «тек» осы қылмыстық "істің аяқталуына мүдделі" сотталған адамның куәлігіне ғана сүйенген және ешқандай дәлелі жоқ деп санайды.

Сот алқасы үкімнің Аманбаевқа тағылған осы айыптар бойынша бөлігінің күшін "қылмыс құрамы анықталмағандықтан" жойды. Ал үкімнің Аманбаевты қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін айыпты ден таныған бөлігін күшінде қалдырды. Ол бойынша сот Аманбаевқа бес жарым жыл түрме жазасын кескен.

Бұл іс бойынша барлығы 36 адамға айып тағылған еді. Олардың арасында прокуратура мен қаржы полициясы қызметкерлері болған. Сот 35 адамды айыпты деп танып, үш жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамауға үкім еткен. Бір адамды ақтаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04