БҰҰ өкілі: COVID-19 індетін сөз бостандығын тұншықтыруға пайдаланған елдер бар

01.07.2020, 21:43

3

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет арасында Қытай мен Ресей де бар бірнеше елді коронавирус пандемиясын пайдаланып, сөз бостандығын тұншықтырды деп айыптады. Бұған қоса ол АҚШ-тың коронавирустың тарауы жайлы «шынайы жағдайды жоққа шығарған» мәлімдемесіне байланысты алаңдап отыр.

БҰҰ-ның жоғарғы комиссары «биліктің COVID-19 індеті кезіндегі іс-әрекетін сынауға жол бермеу мақсатымен» журналистерді, блогерлер мен азаматтық белсенділерді қорқытып-үркіту фактілері айқын көрінген өзге елдердің арасынан Ресей, Қытай мен Косованы бөле-жара атаған.

Сөз еркіндігін қылмысқа балау мен цензура пандемияға қарсы күреске қажет маңызды ақпаратты таратуды тұншықтырады деді 30 маусым күні Бачелет.

БҰҰ жоғарғы комиссары сыни пікірін АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты бірнеше штат мейрамхана, бар және өзге кәсіпорындардың жұмысын қайта жалғастыруды кейінге қалдырып, карантин шарасын күшейтуге мәжбүр болып жатқан кезде айтты. Ал бұл уақытта Еуропа одағы елдері карантинді босаңсытып, халықаралық қатынастарды қайта қалпына келтіруге дайындалып жатыр.

Сонымен бірге Мишель Бачелет Беларусь, Бразилия, Бурунди, Никарагуа, Танзания, АҚШ пен өзге елдердің кейбір саясаткерлерінің коронавирус жұқтыру қаупін жоққа шығарған мәлімдемесіне алаңдап отыр.

Мұндай мәлімдемелер вирустың тарауына байланысты ахуалды ушықтырып, инфекцияны ауыздықтауға бағытталған күш-жігерді мұқатуы мүмкін делінген БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының хабарламасында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34