Рамзан Қадыров Путинді "мәңгі президент" етуге шақырды

01.07.2020, 21:43

6

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Владимир Путинді Ресейдің «мәңгі президенті» етуді ұсынды. Желіде жарияланған Қадыровтың видеосында ол Путин туралы «Оны кім алмастыра алады? Ол сияқты әлемдік масштабтағы саяси көшбасшысы» жоқ деді.

Қадыровтың сөзінше, Путин кезінде Шешенстан дамыған. "Қазір біз құқықтық мемлекетте, Ресейде тұрып жатырмыз" деді ол. Видео соңында Қадыров жұртты дауыс беруге шақырды.

Қазір Ресейде Конституцияны өзгерту бойынша референдум өтіп жатыр. Бүгін, 1 шілде – дауыс берудің соңғы күні. Конституциядағы бір өзгеріс – Путиннің осыған дейінгі президенттік екі мерзімін толық жою. Егер өзгеріс қабылданса, Путин тағы екі рет сайлауға түсіп, елді 2036 жылға дейін (84 жасқа келеді) басқаруы мүмкін.

Ресми дерек бойынша, қазірге дейін Шешенстанда дауыс беру құқығы бар жұрттың 75 пайызы дауыс берген. Бұл көрсеткіш Ресей бойынша 45 пайызды құрайды.

Осыған дейінгі сайлауларда Шешенстанда дауыс берушілердің 90 пайызы сайлауға келген. Учаскелерде тәуелсіз бақылаушылар болмаған, оппозиция өкілдері республикадағы сайлау нәтижелеріне сенбейді.

2018 жылғы президент сайлауы алдында да Қадыров Путин «мәңгі президент болсын» деген.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Конституциясында мәңгілік президент деген қызмет қарастырылмағанын айтқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04