01.07.2020, 14:57
49
Осыдан бірер күн бұрын Семей қаласы әкімінің бірорынбасары коронавирус инфекциясын жұқтырғанына байланысты ақпарат тарағанынжариялаған болатынбыз. Онда қала әкімінің «оң қолы» саналатын орынбасарлардыңбірі аталған індет қармағына түскенімен, аты-жөнін жасырғанын баяндаған едік.
Ал,бүгін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің өзі осы індетке байланыстыоқшауланғаны белгілі болды. Қалалық әкімдіктегі өкілдерден сұрап білгеніміздей,Ермак Бидахметұлы дәл қазір үй жағдайында ем қабылдауға мәжбүр болып отыр.Осыған орай Е. Сәлімовтің әлеуметтік желідегі мәлімдемесін сөзбе-сөзкелтіргенді жөн көрдік:
«Құрметті жерлестер! Сіздерге келесіжағдайларды мәлімдеу міндетім деп есептеймін, бүгін Covid-19 анықтау мақсатындатапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көпадамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерінкөрсетті деуге болады", — деп жазды әкім.
СәтжанҚасымжанұлы,
Шығыс Қазақстан облысы
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР