Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

02.07.2020, 06:23

60


Дәл қазір Қазақстанда COVID-19 пандемиясы өршіп тұрғанкезінде той тойлап жүрген қазекем мәселені одан сайын ушықтырып тұр. Үш жарымайдың ішінде індет 188 адамның өмірін жалмады. Санитарлық нормаларды сақтауқажеттігі, басқосулар ұйымдастыру адам өміріне қауіпті екендігі қаншаайтылғанымен, оған құлақ асқысы келмей жүргендердікі жауапкершіліксіздік падерсің… Бірақ халық та карантинде үйде отырудан, шектеулерден жалықты, оныңүстіне жан бағып, күнкөріс амалын жасау қажет. Ал жылы «креслода» отырып, айсайын алаңсыз 300-500 мың теңгеден жоғары жалақысын алып отырған билік өкілдеріхалыққа еш қиындықсыз, кедергісіз медициналық көмек алуына жағдай туғызбайнесін ойлады?

Тап қазір COVID-19 пандемиясының ушығуына байланысты отандықмедицинаның, биліктегілердің дер кезінде қоғамдағы меселені шеше алмауыхалықтың ашу-ызасын туғызып тұр. Қазір еліміздің әр түкпірінде ата-анасынауруханаға жатқыза алмай, туыс-туғанына дәрі-дәрмек таппай сабылып, жанықиналғаннан зар еңіреп жүргендер көп. Адамның жаны өмір мен өлім арасындаарпалысып жатқанда, еліміздегі ауруханалар науқастарды қабылдаудан бас тартыпотыр. Қаншама адам демікпенің салдарынан дем ала алмай, оттегі жетпей, өкпеніжасанды жолмен желдету (ИВЛ) жасата алмай, ұзын сонар кезекке толғандәріханалардан еміне шипа болар дәрісін таппай қиналуда. Әлеуметтік желілерде РамазановаӘлия Жексембайқызы 19 маусымнан бері анасының демікпемен ауырып, дене қызуынанбас көтере алмай, тынысы тарылып, дем жетпей жатқанын айтып жылап отыр.Дәріханаларда сатып аларға дәрі жоқ, тіпті, қарапайым парацетамолдың өзі тапшыбоп тұр. Денсаулық саласында 23 жылдан бері еңбек етіп жүрген жоғарыкатегориялы эндоскопист ддәрігер Айгүл Кеңесқызы Шәріпова: «Провизорлықстационарлардан күнде хабарлама аламын. Оттегі жетіспейді, қандағы оттегімөлшерін өлшейтін пульсоксиметр жетпейді, дене қызуын алыстан өлшейтін термометржеткіліксіз. Стационарда жатқан науқас балалар оттегі жұта алмай қиналып жатыр»деп егіліп жылайды. Амалы құрыған дәрігер қара халыққа алақан жайып отыр, #дорисуйлиниюжизнидеген акцияны бастауға мәжбүр екенін айтып, жалпы қазақ халқына соған қатысуғаүндеу жолдайды. Сол сияқты қазір Қазақстанда 41055 адам індеттің зардабынтартып отыр. Сонда жыл басынан бері індетпен күресуге, қоғамда дүрбелеңтуғызбай дер кезінде халыққа қажетті медициналық қызмет көрсетуге деп бөлінгенқыруар қаржы қайда кетті? Оның есебін кім береді? 2017 жылдан бері алғашқыжарналар аударыла бастаған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты негесапалы медицинамен қамтамасыз ете алмай жүр?

         Мәселен, қаңтар айында үкіметтік резервтен бірінші траншпен1 млрд 609 млн теңге бөлінді, ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге, наурызайында 21 млрд 430 млн 635 мың теңге ковидпен күреске аударылды. Экс министрДәурен Абаев бұл қаражаттар дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен зертханалыққұрал-жабдықтар: маскалар, перчаткалар, қорғаныш киімдер мен тест-жүйелеріналуға кетті деген. Бірақ вирус енді ғана дендеп келе жатқан кездің өзіндехалыққа дәл осы маскалар жетпей, дегбірі қашқан жоқ па еді?! Төтенше жағдайғабайланысты жұмысынан айырылған жұрт ПТР-тесттің өзін 20 мыңға жасатуға мәжбүрболды емес пе?! Мұны қалай түсінуге болады?!

         Ал Америка Құрама Штаттарының Үкіметі АҚШ-тың Халықаралықдаму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанда COVID-19 пандемиясына төтеп беруінетөтенше көмек көрсету мақсатымен жаңа қаржыландыру ретінде бөлген 128 млрд теңге($3,11 млн) қайда? Оның үстіне, Оңтүстік Корея коронавирустық инфекциямен күресмақсатында Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасына мен қауіпсіздігінбақылау департаментіне гуманитарлық көмектің жалпы құны 45 мың АҚШ долларынқұрайтын 1125 ПТР тестілер, қорғаныс костюмдерін тапсырды. Сөйте тұра, дәл осымегаполис жұрты қазір медкөмек ала алмай дал. Ары қарай есептейік, 2020 жылғы17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ-пен қатар, Қытай, Оңтүстік Корея,Жапония, Түркия және БАӘ-ден де гуманитарлық көмек жетті. Польшадан «Wipasz»поляк компаниясының көп мәрте қолданылатын медициналық 100 мың дана маскасыжеткізілді. Польшаның князь Любомирский қоры қашықтан оқитын Қазақстаноқушыларына сый ретінде компьютерлеріне (ноутбуктер) дейін жіберді. Одан қалды,экс-президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорға меценаттармен ірі бизнесмендерден 41 млн АҚШ долларынан артық ақша түсті. Тимур Құлыбаев– 10 млн доллар, Айдын Рахымбаев – 2 млн доллар, Кеңес Рақышев – 1 млн доллар,Ғалымжан Есенов – 2 млн долла, Рашид Сарсенов – 2 млн доллар, АлександрКлебанов – 2 млн доллар, Александр Белович – 2 млн долларын қорға салғанболатын. Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қорынан 150 миллион теңге Алматыоблысының әкімдігіне жолданды. Болат Өтемұратовтың қоры COVID-19 вирусынанықтау үшін экспресс-тесттерге деп елорда мен Алматы қаласына 200 млн теңгебөлді. Осы екі қалада коронавирусты анықтау үшін ПТР скрининг жасауға арналғанмодульді зертханалық кешен жасатты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік ТАССақпарат агенттігіне берген сұхбатында коронавирус індетімен күресу үшінмемлекет 6 трлн теңге ($13 млдр) жұмсағанын айтқан. Сонда бұл ақшаның бәрі айналдырған18 жарым миллион халықтың игілігіне жарамағанда қайда кетіп жатыр? Адамдар қазірқайыр болмағасын өзін өзі емдеуге кірісіп кетті.  

         СондаҚР Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы биліктер, әр өңірдегіденсаулық сақтау басқармалары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры,мемлекеттік комиссия қомақты қаражатты қалай реттеген? Себебі 6 триллион деген6 миллион не, 6 миллиард емес. Президенттің өзі: «Мемлекеттік басқару жүйесініңорталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгікезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту қажет. Ведомствоаралықкомиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындаукерек» деген болатын. Шынтуайтына келгенде, халық билік өкілдеріне сенуденқалды. Билікке, меморгандарға келетіндердің біліктілігіне емес, трайбализмнің біріншіорынға шығып кетуінің де салдары осы жағдайға әкеп тіреп отыр ма дейсің. 

        

Ал жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі А. Цой кеше көпшілігіүркіп қалған карантин сөзін жаңа «локдаунмен» алмастырып, карантин жариялаудыңсценарийін ұсынып отыр. Өйтпесек, тамыз айында науқастар саны одан ары асыпкетуі мүмкін деп болжайды. Ал оның бұл ұсынысын қолдауға қарапайым халыққаншалықты қауқарлы? Онсызда бұған дейінгі төтенше жағдай кезінде қаражаттанқысылып, мемлекеттің алалап берген 42500 теңгесіне мұқтаж болған адамдар ендігі«локдаунды» қалай шыдамақ? Ендеше А. Цой мырзаның алдында әлі үлкен жұмыстаркүтіп тұр.


Әлеуметтік желідегі пікірлер:

Бизнесмен Қайрат Құдайберген

«Денсаулық сақтау министрлігіне сұрағым көп.Министрліктің аналитикасы қайда, қорлар қайда, ең қажеті дәрілерге дегенкелісімшартар (контракты) қайда? Мұның бәрі болатыны о бастан-ақ белгілі болдыемес пе, соны білдіңдер ғой! Жұмыстарыңның нәтижесі қане? Түн демей, күн демей 24/7уақыт бойы қара терге түскен кейбір өңірлердегі дәрігерлерге сыйақыларын дабермей отырып, оларды тап қазір жұмыс істеуге қалай ынталандырмақшысыңдар?Білесіңдер ме мұны арты неге апаратынын? Дәрігерлер сендерді бір-ақ боқтап,жұмыстан кетуге өтініштерін жаза салады. Сендердің бюрократияларың менбюджеттерің тиіпті болғанын сонда көреміз»

ЖурналистМақсат Рамазан:

Соңғы төрт-бес күнде дәріханаға шапқылаумен болдық.Аламатыдағы аптека алдында ат байлайтын жер жоқ. Ығы-жығы халық. Бүгін деүйдегі кісі жазып жіберген бес дәрінің он, ұмытпасам он бірінші аптеканы аралапжүріп төртеуін әрең таптым. Өзі іздеген затың әп-сәтте қатқа айналып шығатынниеті қисық қоғам ғой… Кейбір аптекалар «размена нет» деген секілдікөбісі іздеп жүрген бес-алты дәрінің атын есіктеріне тізіп, «бізде бұларжоқ» деп баттитып жазып үлгеріпті. Дәрхана қызметкерлерінің де жүйкесі сырбере бастапты. Әрі қарай екінші дәріні сұрай бастасаң «жоқ» деп арсетеді. Сонымен айтайын дегенім, біріншіден адам аяғы үзілмейтінқойма-дәріханаларға бармай-ақ қойыңыздар. Ол жерде ле сіз іздеген дәрінің денітаусылған. Адам көп, ереже сақталмайды. Иінтірескен халық арасынан індетжұқытырып алуыңыз мүмкін. Оған қоса кезе күтіп уақытыңызды кетіресіз.ЕКІНШІДЕН, елеусіздеу, кішігірім дәріханаларға барыңыз. Адам аяғы аз. Әрі кетсеүш-төрт адам тұрады. Және сіз тап қазір іздеген дәрілер ол жерлерде әлі бар.Бүгін өзіс осылай істеп көз жеткіздім.

ФазылбекӘбсаттарұлы:

Биліктің қатеқадамы. Спорт, физикалық белсенділіктің азаюы ауруға шалдықтыратыны барлықғылымда дәлелденген, аксиома (психология, педагогика, медицина, тб ғылым).

Иммунитеттітабиғи жолмен көтерудің жолы — физикалық белсенділік. Иммунитеті күшті адамныңденсаулығы — вирусқа қарсы басты амалдың бірі. Физикалық белсенділіктің күндік,айлық нормалары бар. Ал адамды үйге қамап қою физикалық белсенділікті күртазайтады, иммуниетті түсіреді, ауруға тез шалдығады, психологиялық ауруларғатез ұшырайды: депрессия, стресс…


ӘмірболатҚұсайынұлы:

Қашанда кешқимылдау қазақ медицинасының қанына сіңген әдет пе? Көктемде маска, антисептикәбден біткен соң шектеу қойды. Міне қазірде қажетті дәрілер таусылғанда сатусанын азайтты. Медиктер вирус жұқтырған соң ғана қорғаныш киімдерін шулатыпжүріп әрең берді. Су, жол сынды кез келген әлеуметтік мәселелерді айтып айғайғабасқанда қимылдай бастайды әкімдер. Бір істі шешу үшін мінетті түрде бастықтарбұқараның байбаламын, біреудің бірдеңеге ұшырағанын күтетін сияқты. Қоғамдағыәр саланы алдын ала болжап, бағамдауға, қимылдауға болмай ма? Мұғалімдер менмедиктерге жиналыс ашудан ары аспаған әпербақандар жағдай бақылауда дейді.Бақылаудан асқан оңай жұмыс бар ма қазір? 

         Біріншікезекте сөз болып отырғаны — әлеуметтік ара қашықтық сақтауға келмейтін тойғана емес, ұжымдық жұмыс, демалыс құру, бірлескен діни мінәжат, қоғамдықкөлікте жүру, митинг секілді шараларды қоя тұру.

Нұрай РАХЫМ 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42