Қазақстанда 1,5 мың адамнан КВИ анықталды

03.07.2020, 03:00

6

1 шілдеде Қазақстанда 1509 адамнан коронавирус анықталды. Оның 981-інде аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Өткен тәулікте вирустан 214 адам жазылып шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

  • Нұр Сұлтан қаласы — 81
  • Алматы қаласы — 195
  • Шымкент қаласы — 43
  • Ақмола облысы — 52
  • Ақтөбе облысы — 63
  • Алматы облысы — 111
  • Атырау облысы — 287
  • Шығыс Қазақстан облысы — 111
  • Жамбыл облысы — 45
  • Батыс Қазақстан облысы — 112
  • Қарағанды облысы — 97
  • Қостанай облысы — 11
  • Қызылорда облысы — 105
  • Маңғыстау облысы — 83
  • Павлодар облысы — 59
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 28
  • Түркістан облысы — 26

Ресми дерек бойынша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 42574-ке жетті.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны ресми деректегіден көп болуы мүмкін. 19 маусым күні денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын ПТР талдауын 56 зертхана жүргізіп отыр деп айтқан. Олардың арасында жекеменшік зертханалар көп. Соңғы екі “Олимп”, Invivo, “МПК” секілді жекеменшік зертханалар ПТР талдауын жүргізуді не жартылай не толық тоқтатқан. Тұрғындар ПТР анализін тапсыру қиындығын шағынған.

Ақтаева сондай-ақ бір тәулікте алынатын тест саны 28 мыңға жеткенін, келешекте 35 мыңға жететінін айтқан. Алайда 1 шілде күні денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова алдыңғы тәулікте 19,5 мың тест жасалғанын айтты. Сондай-ақ, ел өңірлерінде пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болып жатқанда күрт артты. Жергілікті денсаулық сақтау басқармалары ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетіп жатқанын, бірақ клиникалық белгілері бойынша COVID-19 ауруына ұқсайтынын айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған. Үкімет COVID-19 өлімін 30 маусымнан бері жаңартпады. Кісі өлімі жөніндегі дерек соңғы рет 29 маусым өзгерді. Оған дейін күніне он шақты кісі өлімі хабарланып отырған.

COVID-19 ауруынан жазылып шыққандар саны 14 мыңнан асты. Сәрсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі қазір 27 319 адамның емделіп жатқанын, оның 249-ы бала екенін хабарлаған. Министрлік мәліметінше, емделіп жатқандардың 11 242-сі стационарда, 16 077-сі амбулаториялық бақылауда болған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34