Қазақты қорқаулар емес, көк бөрілер бастаса...

02.07.2020, 06:35

58

Біз, өзімізді арыстанбыз деген  жоқпыз. Қабыланбыз  деп, тағы айтпаймыз. Өйткені  біз, көк бөріміз.  Арлан мінезді көк бөрінің  ұрпағымыз.Тектілігімізде, күштілігімізде сонда жатыр. «Арыстандай айбатты, қабыландайқайратты»  деп  жатады. Адамның іс –әрекетіне  қарап. Бірақ арыстаннан не  болмаса қабыланнан  тарағанбыз, деген алаш  баласы  жоқ. «Арғы атам –көк  түрік» дейміз  де, оған «көк бөріден  тарағанбыз» дегенді  қосып  қоямыз. «Бөрілі  менің байрағым»  деп, Сүйінбай бекер жырлаған жоқ. Тіпті, арыдағы «Оғыз қаған»  жырында да көк бөрі  жөнінде айтылады. Тарихқа  көз тіксек, түркі тайпаларының басты тотемі –бөрі екенін көреміз. Жалпы әлемдегі барлық халық-ұлттар  өздерінің арғы тегінаң-құстан  шығарып жатады. Бұлескіден  қалған  танымдық сенім. Ал, біз  өзімізді  көк бөрінің ұрпағымыз  дейміз. Осыжөніндегі  ескі аңызды қайталапжатудың  дәл  қазір реті жоқ. Айтқымыз келгені,  сәл  өзге. Әгәрәки,  тарихқа көз салған  кез-келген адам, алашбаласының ел болып қалыптасу  үшін, қонысеткен атамекен жерін қорғау  үшін   көк бөрідей алысқанын байқайды. Көк бөрідей күшті,  көк бөрідей тектіекенін аңғарады. Көз жеткізеді. Көк бөрінің мықтылығы, тірідей терісін сыпырып жатсаң,  қыңқ етіп, дыбыс шығармайтындығы, өлексені жемейтіндігі, жұбына адалдығы, әлдісі әлсізіне  қамқор болатындығы, еркіндікті сүйетіндігі.Аң патшасы арыстанан  бастап, қолға  үйренетінін білеміз. Бірақ бөріде  ондай қасиет  жоқ. Қолға  үйренбейді. Ол сайын даланың еркін кезгентекті тағысы. Исі  қазақ тектен тек өзінкөк  бөрінің  ұрпағымыз демесе керек. Бөрінің  осындай ерек қасиеттерін білгеннен  болар.Қазақ  текті еді,  қаны таза еді. Бірақ  ол кешегі  қазақ секілді. Бүгінгі  қазақ  басқа. Өзгерген. Қазіргі қазақта көк бөрілікайбат пен қайраттан  гөрі, қорқаулық  басым ба, деп  қаламын. Ел алдына шыққанәр  бір өр  ұлдың  шаужайына жармасып,  жолын торып, ор  қазып жүретін қорқаулар (шакалдар) көбейді. Оза  шапқанды күндейді.Өсек  таратады. Осылайша, баяғы  көк бөрілік  қасиеттен жұрдай  бола бастаған. Қорқау-сатқындардың кесірінен, кеше Кенесары мен  Махамбеттің басыкесілді, Алаш арыстары  ұсталды, қамалды,атылды. Елім деп, ел тізгінін ұстаған талайдың жолын осы  қорқаулар кесті. Қазірде  сол. Олжасты (Сүлейменов),   қос Мұхтарды ( Мағауин мен Шаханов) сол  қорқаулар жүнше түтті. Ел алдында қадірсізетуге  тырысты. Алайда осы  үшеуінің де исі  қазақ үшін істеген еңбегі  ерен.Оны  тізбелемейік. Кез-келген адам осы  үшеуінің деңгейіне  жетіп, қазақ  үшін, ұлт  үшін қаламымен де, ісімен де  тірлік жасап көрсін! Қазір қорқаулар көбейген заманда өмір сүріп  отырмыз. Кешегі көк  бөрінің рухы  құлаған, тауы шағылған. Ал,  сол рухты қалай қалпына келтіреміз? Қиын  мәселе. Мұхтар Мағауин  былай дейді:   «Қазақтыңқасқыры — әлбетте, қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегіең айбарлы аң болған. Және қандас, тумалас, ең сүйікті аң. Барлық жұрт емес,қазақ — әуелгі қазақ үшін. Арыстаның да, жолбарысың да тең емес. Рас, арыстан — сес пен күш, жолбарыс — еп пен қуат, бірақ шене, құрт — жүрек пен рух. Қайтпасерлік. Әрі тылсым мен пыс. Сондықтан да бабамыздың байрағына түсіп, ұранына айналды».  Тағыда солМағауин:  «Бөрі — ырыс еді, ұран еді, бөрі — батыр еді»  дейді. Мен  мынау  жаһандану  дәуірінде тілі  де, діні де, ділі де додағатүсіп, көкпарға тартылған лақтай  болып  тұрған кезде, қазақта  қорқаулар емес, көк  бөрілер  көп болғанын  қалар едім. Қазақтықорқаулар емес, көк  бөрілер бастаса,  деймін. Көк бөрі күштің, мықтылықтың, рухтың белгісі. Біз  осы жағынан  ұтылып тұрғандаймыз.

Азаматхан ӘМІРТАЙ,  «Байтақ-Болашақ»экологиялық альянстың   төрағасы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36