02.07.2020, 06:42
91
Жалпы, осыған дейін Алматыдаэпидахуалды реттеу мақсатында республикалық бюджеттен 73,5 млн теңге бөлінді. «Бұлқаражат маска, дәрілік заттарды, қорғаныс құралдарын сатып алуға жұмсалды»деседі. Одан бөлек, қалалық бюджеттен 94,5 млн теңге қаржы бөлініпті. Бұғанқоса, науқастарды емдеу ақысына МӘМСқорынан да қаражат қарастырылып отыр.Осы сомаларды тізе келе, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасыныңмамандары бұған дейін «жағдай бақылауда, қалада қажетті дәрі-дәрмек пен зарарсыздандыруқұралдары жеткілікті» деп есеп беріп келді.
Ақиқатында, нақ қазір жағдайдың басқашаөрбіп жатқанына куә болып отырмыз. Халық қарапайым дәрілердің өзін таппай, біркүнде 15 дәріхананы кезіп, тентіреп жүр. Қаладағы ірі дәріхана қоймаларыныңмеңгерушілері де жағдайдың күрт өзгергенін айтады. Бұл ретте Алматыдағы орталықдәріхана қызметкерлері: «Жайшылықта күніне 30-40 дана парацетамол сатсақ, соңғыүш күнде 100-200 дана парацетамолға дейін саттық. Қазір бұл дәрілер, расымен де, қоймада жоқ», – дейді. Тек парацетамол емес,вирусқа қарсы көптеген преператтар,шприцтердің өзі қалада қат болып жатыр. Ал осы арада «барлығы бақылауда,қажетті заттардың барлығы жеткілікті» деп есеп беретін Алматы қалалық денсаулықсақтау басқармасының басшылығы мен Алматы қаласын дәрі-дәрмекпен қамтамасызету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші мекемелерқайда қарап отыр? Дәрі-дәрмекке депбөлінген қаржы шынымен діттеген жеріне жұмсалды ма? Қаражаттың есебін кімненсұрауымыз керек? Неге халыққа бұлжөнінде ашық әрі ұғынықты ақпараттар әлі жетпей жатыр?
Байқасақ, қаланы дәрі-дәрмекпен үйлестірушімекемелер енді ғана естерін жиған тәрізді. Бұл туралы Алматы қаласының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегіүйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев: «Өткен жәнеосы аптада дәрі-дәрмекке сұраныстың жоғары болуын байқап отырмыз. Қалада жеткіліктімөлшерде болуы үшін фармкомпаниялармен және өндірушілермен бірлесіп жұмысатқарып жатырмыз. Адамдар өзін-өзі емдеумен айналысып жатыр. Дәрінің кейбіртүріне тұрғындар тарапынан сұраныс артып келеді. Мәселен, бір адамға екі дана парацетамолкерек делік, ол бірден 20-сын сатып алады. Сондықтан адамдар дәрі-дәрмектікөп мөлшерде алмау үшін, жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін бір қолға 2-3данадан артық сатпау керек деген шектеу қойып отырмыз. Бұл тек қазіргіуақытта үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерге ғана қатысты», – деді.
Оның айтуынша,бұл шектеулер медициналық маскаға деген сұраныс артып кеткенде енгізілгенережеге ұқсас болады екен. «Өздеріңіз білетіндей, ол кезде маскажеткілікті болған. Алайда адамдар дүрбелеңге еріп, артығымен сатып алды. Солсебепті бір қолға бес маскадан артық сатуға шектеу қойдық. Енді бұл әдістікейбір дәрі түріне қолдануға тура келеді», – деді әкімшілік қызметкері.
Іле-шала денсаулықсақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова да «Алматы мен Нұр-Сұлтанға және басқақалаларға дәрілер жеткізіле бастады. Ажиотаж болағаны рас. Жағдай реттеледі. Дәріханақоймаларына дәрілер жеткізіле бастады» деп мәлімдеме жасады.
Осылайша саламамандары тағы да «бақылаймыз, реттейміз»деп сендіріп отыр. Бірақ осындайда «қалыптасқан ахуалға неліктен алдын алаболжам жасалмайды, халықты дүрліктірмей, неге алдын ала барлығы реттеліп, шешіліп қойылмайды» деген заңды сауалтуындайды.
Негізінде,әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінше, Қазақстан бюджеті бірадамды коронавирустан емдеу үшін күніне 15 мың теңге жұмсайды. Коронавирусқа қатысты жағдайларды төлеу үшінқор тиісті қызметтерге мынадай тарифтер жасаған (олар денсаулық сақтауминистрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген):
· карантингежатқызу деңгейі – 10 413теңге;
· алдын ала ауруханаға жатқызу құны – 11 619теңге;
· тәулік бойы жұмыс істейтін аурухананыңинфекциялық бөлімінде емделген жағдай үшін тариф 15 113 теңгені құрайды.
Бұдан бөлек, елдегі COVID-19-дың алдын алуғареспубликалық бюджеттен шамамен 55,9 миллиард теңге қарастырылған.Оның ішінде инфекциялық, фармацевтикалық және карантиндік стационарлардаемделген жағдайларды төлеуге қосымша 14,7 миллиард теңге, диагностикалықтестілеуге 5,4 миллиард теңге, медицина қызметкерлерінің жалақысына 35,8миллиард теңге бөлінген.
Аңғарсақ, бөлінген сома қомақты. Бірақхалық неге осы қаржыға сай қызмет түрін ала алмай жатыр?! Бір ғана Алматыдағы ахуалды реттеугереспубликалық бюджеттен бөлінген 73,5 млн теңге мен жергілікті бюджеттенбөлінген 94,5 млн теңге қаржы қайда?! Әлде бұл қаражат «ұстағанның қолында,тістегеннің аузында» кетті ме? Қазір елдің көбін осындай күмәнді сұрақтар мазалапотыр. Сондықтан Алматының жергілікті билігі мен денсаулық сақтау басқармасыбөлінген қаржының есебі жайлы халыққа есеп беруді ұмытып кетпесе дейміз. Бұлретте мамандар: «Бөлінген қаражаттың қайда, қандай мақсатта, қанша мөлшердежұмсалғаны әр қаладағы үлкен-үлкен LEDэкрандар арқылы халыққа ақпараттық лездеме тәрізді анық көрсетіліп отыруы керек. Мұндай сын сағатта осындай ашықақпараттар ғана халықтың көңілін орнына түсіреді. Қазір біз үшін қаражатты жымқыру емес, халыққа бөлінгенәрбір тиынды ұқсату маңызды», – дейді.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР