Мемкомиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті

02.07.2020, 15:36

14

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткенМемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырушаралары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жәнекоронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларыненгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цойбаяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирусинфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссиябиылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешімқабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасынсақтау;

 2. Өңірлерарасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен); 3. Өңірлерарасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Азаматтардың жүріп-тұруыбойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралықіс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек: Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер,азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер,мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге деұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгібалалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б.(СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд,компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтырулагерлері, фудкорттар, банкет залдары). Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың),кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерініңкемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойыншамедицина орталықтарының қызметін сақтау; Дәріханалардың,азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау; Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардыңқызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксізөндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылысжұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді жәнетұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойыншашектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдыңалдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары тағы 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенінатап өтті. Жаңа шектеу шараларын талқылауға орталық мемлекеттік және жергіліктіатқарушы органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,«Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарынқорғау жөніндегі уәкілетті Р. Жүрсінов және т. б. қатысты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16