Қазақстанның экс-президенті Назарбаевтың коронавирустан жазылғаны хабарланды

03.07.2020, 02:59

10

Қазақстанды отыз жылдай басқарып, былтыр президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев (Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде биліктің бір тармағын ұстап отыр) коронавирустан айыққаны хабарланды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

Үкібайдың сөзінше, Назарбаевтың 2 шілдедегі анализі теріс нәтиже көрсеткен. Экс-президенттің баспасөз хатшысы «Назарбаев оқшауланып жұмысын жалғастыра беретінін» және «таза ауада серуендеуге уақыт бөлетінін» жазды. Үкібай твитінде Назарбаевтың орманда серуендеп жүрген суреті мен адамның қадамын санайтын мобильді қосымшадағы «42 минут, 2,5 километр» деген көрсеткіштің скриншотын жариялады.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирус жұққаны 18 маусымда белгілі болған. Тура 14 күннен кейін оның дерттен айыққаны хабарланды.

6 шілдеде Назарбаев 80 жасқа толады. Оның туған күні елде «Астана күнімен» тұспа-тұс. Былтыр Назарбаев президенттіктен кеткенде Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгерген.

Назарбаев президенттіктен кетсе де, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және биліктегі «Нұр Отан» партиясының лидері ретінде биліктің бір тармағын уысында ұстап отыр. Оның «Елбасы» титулы бар. Бұл титулдың арқасында Назарбаев пен оның отбасына қылмыстық іс қозғалмайды.

Билікті сынаушылар Назарбаев қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр қадамын бақылап, елді әлі басқарып отыр деп санайды.

Қазақстан жыл сайын 6 шілдеде Астана күнін көп қаржы бөліп атап өтетін. Билік елде коронавирус өршіп, вирус жұқтырғандар 42 мыңнан асқан тұста екінші рет карантин енгізуге мәжбүр болды. Сондықтан биыл Астана күні онлайн форматта атап өтілмек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39