Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны енді аптасына бір-ақ рет хабарланады

02.07.2020, 20:59

31

Қазақстан үкіметі енді коронавирустан қайтыс болғандардың санын күн сайын емес аптасына бір рет жариялап отырмақ. Бұл туралы 2 шілдеде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Енді ресми деректе вирус жұқтырғандар мен аурудан жазылып шыққандар саны күн сайын жаңарып, қайтыс болғандар саны бір апта бойы өзгеріссіз тұрады. Бұл тәртіп COVID-19 өлімі жөніндегі ресми дерекке қатысты күдік көбейген тұста енгізілмек.

“Комиссия өлімнің себебін кісі қайтыс болғаннан кейін анықтайды. Сөйтіп кісінің коронавирустен өлгенін біз бір-екі күн кешігіп білеміз. Біз мұны апталық форматта хабарлауды жоспарлап отырмыз” деді министр брифингте.

Министрлік бұл тәртіпке 30 маусымнан бастап көшуі мүмкін. Себебі COVID-19 өлімі туралы дерек 29 маусымнан бері жаңармады. Сол күні коронавирустан қайтыс болғандар 188-ге жеткен.

Журналистер сұрағына жауап берген Цой, кеше, 1 шілде күні коронавирустан 10 адам қайтыс болғанын айтты.

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған 101 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өлімі «басқа дерттерден болды, коронавирус тікелей әсер етпеді» деп санайды.

Батыс елдері бұл індеттен көз жұмғандарды санағанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) хаттамасына сүйенеді.

ДДСҰ әлем елдеріне қайтыс болған адамнан COVID-19 анықталса, басқа қандай ауруы барына қарамастан марқұмды коронавирустан көз жұмғандар статистикасына енгізуді ұсынған. Ұйым «түрлі апаттан (мысалы, жол апаты) және миокард инфарктінен қайтыс болғандардан COVID-19 инфекциясы табылса, оларды коронавирустан қайтқандар статистикасына қоспай-ақ қоюға болады» деген.

Кейінгі екі аптада Қазақстанда пневмонияға шалдығып, қайтыс болғандар саны да күрт артты. Дәрігерлер марқұмдардың ПТР анализінен коронавирус табылмады деген. Бірақ Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы пневомнияның ауыр түріне шалдыққан адамдарда коронавирус ауруының клиникалық белгілері барын айтқан және оларды COVID-19 хаттамасымен емдеп жатқанын хабарлаған.

Алексей Цойдың айтуынша, 1 шілдеде елде пневмониядан 20 адам қайтыс болған.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың алты айында пневмониямен 63430 адам ауырған. Өсім — 55,4 пайыз.

«2020 жылдың маусымында 32724 адам пневмониямен ауырды. Былтырғы маусымда 7964 адам ауырған еді» деді Цой.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 42 574 адамға жетті. Елде 5 шілдеден бастап карантин шаралары күшеймек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09