Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жариялады

03.07.2020, 12:23

12

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды. Elbasy.kz сайты.

"Қымбатты отандастар!

Қадірлі достар!

Өздеріңіз білетіндей,коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елдерін, соныңішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды,ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтербасшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайыжанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті.Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығыпкетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін.

  Олардың қатарында Ресей ПрезидентіВладимир Путин,  Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин,Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан Президенті ШавкатМирзиеев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті ГурбангулыБердымухамедов, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Америка ҚұрамаШтаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Біріккен Араб ӘмірліктерініңПрезиденті Халифа Заид Әл Нахаян, Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди,Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн,Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Армен Саркисян, УкраинаПрезиденті Владимир Зеленский, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин,Пәкстан Президенті Ариф Алви, Израиль Президенті Реувен Ривлин, СербияПрезиденті Александр Вучич, Хорватия Президенті Зоран Миланович және т.б. бар.Бәрін түгел атап шығу мүмкін емес, бірақ мен олардың барлығының жолдағанхат-хабарымен таныстым. Қымбатты достар, сіздердің шын көңілден шыққан тілектеріңіз,ыстық ықыластарыңыз маған күш беріп, өмірге құлшыныс-қуатымды арттырды.Баршаңызға басымды иіп, зор денсаулық пен табыс тілеймін.   

  Мен еліміздің көптеген өндірісұжымдарынан, еңбек ардагерлерінен, әскери қызметшілерден, студенттер мен оқушылардан– өз қолдауы мен тілектестіктерін жеткізіп, маған мықты денсаулық тілеп, толықсауығып кетуіме ниеттестік білдірген көп қазақстандықтардан хаттар менжеделхаттар, сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы жолданған хат-хабарлар алдым.

 Маған шынайы жанашырлығы менқолдауын ғылыми қоғамдастық пен шығармашылық зиялы қауымның өкілдері дебілдіргенін ризашылықпен айта кеткім келеді. Олардың арасында Серік Қирабаевпен Әлия Бейсенова, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, МырзатайЖолдасбеков, Сұлтан Оразалин, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, ЖандарбекМәлібеков, Талғат Теменов және басқа да Қазақстанға кеңінен танымалқайраткерлер болды.

Менің атыма Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Илья Ильин, Әлия Юсупова,Зарина Диас сияқты белгілі спортшыларымыз ізгі тілектерін білдірді. Баршаңызғакөп рахмет айтамын! Мен бәріңізді де білемін. Сіздер және басқа да жастар –тәуелсіздік перзенттерісіздер. Денсаулық пен бақыт тілеймін!

 Дәрігерлердің күш-жігері жәнеолардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылысөздерінің арқасында мен сырқаттан сауығып шықтым, қазір өзімді жақсысезінемін, толыққанды жұмысқа кіріскелі отырмын. Халқыммен бірге бұл сырқаттыңбүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайратжәне тезірек сауығып кетулерін тілеймін.  

 Біз өткеріп жатқан күрделі кезең– бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Сырқатпен күрестің ең алдыңғышебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда.Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақытайқын көрсетіп отыр. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңілаударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек.Осы орайлы сәтте еліміздің медицина қызметкерлеріне ерекше ризашылығымдыбілдіремін.

Естеріңізде болар, тәуелсіздіктің бастапқы жылдары менің шешіміммен арнаулыҰлттық қор құрылып, алтын-валюта резерві жасалды. Бұл бізге әлемдік екі бірдейдағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметкепандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысындакөмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек,өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз. Қазақстанның басқа елдер алдындақарызы ең төмен мемлекеттің бірі екені де  біздің артықшылығымыз.

Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажеттібарлық шараны қабылдауда. Алайда көп нәрсе өзімізге байланысты. Дәрігерлер бізүшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда бұл ауруды жұқтырудансақтану көбінесе әр адамның өзіне байланысты. Төзімді болу керек, әсіресе,жастарға. Қажетті гигиена талаптарын орындап, тезірек вакцина пайда боларынаүміттене отырып, ауру жұқтырудан барынша ұзағырақ уақыт сау болуға тырысқанжөн. Тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығынойлауымыз қажет, дәрігерлерге сену керек.

Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы,болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықтытүрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз.Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы.

        Барлықотандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-берекетілеймін!", — делінген үндеуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39