03.07.2020, 06:45
163
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағындатіркелген, құрамында парацетамолы бар, дене қызуын түсіретін, вирусқа жәнебактерияға қарсы дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектіңбірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялықжәне коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр болуы мүмкін. Ал ендісатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді.Мысалы цефтриаксон — препараттың халықаралық патенттелмеген атауы, ал оныкомпаниялар саудаға шығарған кезде Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабелжәне басқа атаулармен сата береді. Бірақ барлығының құрамында цефтриаксон бар.Сондай-ақ азитромицин дәрісінің де Азитромицин Сандоз ®, Азитрус, Зитмаксекілді түрлері баршылық. Қазақстанның дәрі-дәрмек мемлекеттік реестрінде денеқызуын түсіретін парацетамол халықаралық патенттелмеген атауымен 86 дәрітіркелген. Оның ішінде отандық препарат та, шетелде өндірілгені де аз емес.Сонымен қатар, антибактериялық — 108, вирусқа қарсы — 29 түрлі дәрі бар. Оныңтізімі төменде келтірілген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР