Минск билігі коронавирусты жеңгенін айтады

04.07.2020, 00:18

9

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі коронавирусқа"қарсы тұрып, ел жеңіске жетті деуге болады" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Беларусь«саяси парасаты мен халық кемеңгерлігін» көрсете білген.

«Біздің денсаулық сақтау жүйеміз қарсы тұра білді. Бірақ біз күресті бәсеңдетпейміз, әйткенмен қазірдің өзінде жеңіске жеттік деуге болады. Қазір кезекшілікте жүрген дәрігерлерімізбен СОVID-19-ды біржолата жеңген соң міндетті түрде жеке кездесеміз», — деген Лукашенконың сөзін БалТА мемлекеттік агенттігі келтірген.

Беларусь денсаулық сақтау министрлігі елдің коронавирус дерті платосына (індеттің шарықтау шегіне) жеткені туралы мамырдың ортасында мәлімдеген. Беларусь – Еуропада коронавирусқа байланысты карантин жарияламаған, кәсіпорындары жұмысын тоқтатпаған елдердің бірі. Билік көпшілік шараларды шектемей, тіпті 9 мамырда Жеңіс парадын да өткізген.

2 шілде күнгі ресми мәліметке сай, Беларусь елінде індет басталғалы 62424 адамға коронавирус жұғып, 398 адам қайтыс болған. Бірақ сарапшылар үкімет мәліметіне күмән келтіріп, COVID-19 салдарынан көз жұмғандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп санайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16