"Субботажға" шығып қамалғандарға 6 маусымдағы акция үшін тағы жаза қосты

04.07.2020, 00:18

4

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 13 маусымда «субботаж» атты шеруге қатысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, қазір қамауда жатқан төрт белсендіге тағы да әкімшілік қамау жазасын беру туралы шешім шығарды.

Сот 18 маусымда 15 күнге қамалған Ноян Рақымжановқа 6 маусымда «субботажға» шыққаны үшін тағы 15 тәулік қамау жазасын тағайындады. Дәл осындай айыпты мот қазір 15 күндік әкімшілік қамауда жатқан үш белсендіге – 44 жастағы Абайбек Сұлтанов, 47 жастағы Асхат Жексебаев пен 37 жастағы Қайрат Қылышевке да тағып, олардың бұрынғы жаза мерзіміне тағы бес тәулік қосты.

Осыдан бір апта бұрын сот «субботажға» қатысқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған алты адамның апелляция шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Олардың үшеуі — Асхат Жексебаев, Бақдәулет Әлібеков пен Абайбек Сұлтанов Алматы облысы Іле аудандық уақытша ұстау изоляторында, ал Ермек Қазиев, Қайрат Қылышев пен Марат Құрбанов — Алматы облысы Қарасай аудандық уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеп жатыр.

13 мамырда кешке жүз шақты адам Алматының орталығындағы Панфилов көшесінде жаяулар жолымен шерумен жүріп өткен еді. «Субботаж» атты серуенге ұқсас шара кезінде жиналғандар музыкалық аспаптарда ойнап, кейбірі билеген. Оған қатысушылар «Белсенділер — экстремист емес!» және «Алға, Қазақстан!» деп айқайлаған.

«Субботаж» шарасына жұртты шетелде тұрып жатқан оппозициялық саясаткер, экс-банкир, Мұхтар Әблязов шақырған. Осындай акциялар сол күні Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында өткен.

13 маусымдағы «субботаждан» кейін үкімет Қазақстандағы «эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екенін ескере отырып», маусым айындағы кейінгі екі сенбі-жексенбі күндері елде "қосымша шектеулер" жариялады: қоғамдық орындар, орталық көше, саябақтар жабылды.

Қазақстанда пандемия кезінде қабылданған «Бейбіт митинг туралы» жаңа заң билікке ескертпей наразылыққа шыққандарға жазаны күшейткен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігі қабылдаған «Бейбіт митинг туралы» жаңа заңды шектеулер көп деп сынаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34