Қазақ тілінің нормаларын зерттеген танымал филолог Рәбиға Сыздықова 96 жасында дүниеден озды

05.07.2020, 03:00

4

Бүгін, 4 шілдеде Қазақ тілін зерттеп, орфографиясы мен орфоэпиясына көптеген кітап арнаған ғалым Рәбиға Сыздықова қайтыс болды. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты хабарлады.

“Бүгін түнде қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық дүниеден өтті. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұжымы Рәбиға Сәтіғалиқызы отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады” – делінген институттың Facebook-тегі хабарламасында.

Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықова 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл қалашығында дүниеге келген.

Ол 1938-1940 жылдары Ақтөбе облысы, Темір қаласындағы педучилищесін аяқтап, өңірдегі Алға стансасында бастауыш класс мұғалімі, Темір қаласында орта мектептің мұғалімі, педучилищенің оқытушысы, Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектептің оқу ісі меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ғалым 1945-1947 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқып, 1951 жылы институттың аспирантурасын аяқтаған.

1951-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік оқу-педагогика баспасында редактор, редакция меңгерушісі болған. 1957 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл білімі институтында (қазіргі Ахмет Байтұрсыұлы атындағы институт) түрлі дәрежеде қызмет атқарған.

Ғалымның түрлі жылдары “Қазақ тілі методикасының негізгі мәселелері”, “Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыш”, “Қазақ тілі орфографиялық сөздігі” (соавтор), “Абай шығармаларының тілі”, “Абайдың сөз өрнегі”, “Абай өлендерінің синтаксистік құрылысы”, “Қазақ әдеби тілінің тарихы”, “Сөздер сөйлейді”, “Сөз құдыреті”, “Тілдік норма және оның қалыптасуы”, “Жаңа сөздер мен тіркестер” (соавтор) деген кітаптары жарық көрген.

Сонымен қатар Сыздықова ғылыми журналдарда, газеттерде қазақ тіліне арналған мақалаларын жариялап тұрды. Қазақ тіліне байланысты дауларда ғалымның еңбектері мен көзқарасы негізге алынады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39