Қазақстанда 1,6 мың адамнан КВИ анықталды. Вирус жұқтырғандар 45 мыңнан асты

04.07.2020, 21:00

38

Қазақстанда 3 шілде күні коронавирус инфекциясы 1644 адамнан анықталды. Оның 1072-інде аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 45 719-ға жетті.

  • Алматы қаласы — 6016 (+114),
  • Нұр-Сұлтан қаласы -5713 (+71),
  • Атырау облысы — 5124 (+377),
  • Қарағанды облысы — 5089 (+76),
  • Шымкент қаласы — 3395 (+101),
  • Батыс Қазақстан облысы — 3045 (+110),
  • Алматы облысы — 2447 (+117),
  • Шығыс Қазақстан облысы — 1871 (+152),
  • Түркістан облысы — 1845 (+71),
  • Ақтөбе облысы — 1674 (+41),
  • Жамбыл облысы — 1615 (+82),
  • Ақмола облысы — 1386 (+42),
  • Қызылорда облысы -1379 (+37),
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 1363 (+19),
  • Маңғыстау облысы- 1409 (+114),
  • Павлодар облысы — 1303 (+68),
  • Қостанай облысы — 1045 (+52).

Бұл тек ресми дерек. Вирус жұқтырғандардың саны бұдан көп болуы мүмкін. Кейінгі екі аптада ауруға шалдыққандар саны күрт артып, ауруханаларда орын болмай, жедел жәрдем қызметі қоңырау шалғанның бәріне жауап беріп үлгере алмай жатыр. ПТР талдауын жүргізетін жекеменшік зертханалар жұмысын не жартылай не толық тоқтатты. Тұрғындар ПТР анализін тапсырудың қиындағанына шағынды. Анализ тапсырғандардың арасында коронавирустың белгілері бола тұра нәтижесі теріс шыққандар бар. Кеше, 3 маусым күні денсаулық министрлігі тестің қате нәтиже беруі мүмкін екенін мойындады.

Қазақстан билігі 29 маусымнан бері COVID-19 өлімін жаңартпай отыр. Бес күн бұрынғы хабарламада коронавирустан 188 адамның қайтыс болғаны айтылған. 2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өлім саны енді апта сайын жаңарады деген болатын. Ол мұның себебін қайтыс болғандардың коронавирустан өлгені кеш хабарланатымен түсіндірді. Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлеген Цой 1 шілде күні 10 ­өлім тіркелгенін айтты. Демек, коронавирустан қайтыс болғандарың саны кемі – 199.

Дәл сол брифингте денсаулық министрі коронавирус жұқтырып қайтыс болған “бірақ өлімінің себебі өзге” 101 адамның барын айтты. Бұл адамдар COVID-19 өліміне кірмеген.

Сонымен қатар пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болып жатқандар саны да артты. Министр Цойдың Министрдің сөзінше, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың дәл осы мерзімінде пневмониямен 63430 адам ауырған. Өсім 55,4 пайызды құраған.

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Есмағамбетованың сөзінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында пневмониядан 1772 адам көз жұмған, олардың 628-і маусым айында қайтыс болған.

«Кейінгі уақытта пневмония диагнозымен түскен науқастарды тексерген кезде ПТР қорытындысы оларда (инфекция) белгісі жоғын көрсетеді. Мұндай болуы да мүмкін, себебі коронавирус инфекциясы жоғары тыныс жолынан төменгіге өтіп кеткен соң ПТР-тест қорытындысы (вирус барын) әр кез көрсете бермейді», — деген болатын Есмағамбетова 3 шілдедегі брифингте.

Қазақстанда COVID-19 ауруынан 15 276 адам жазылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42