Карантинге қатысты бас санитардың қаулысы жарияланды

04.07.2020, 14:02

15

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері АйжанЕсмағамбетованың қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысышықты.

Қаулы 2020 жылы 5 шілдеде сағат 00:00-денбастап күшіне енеді.

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіавиарейстердің бағыттары мен жиілігін көбейтпей, өңірлер арасындағы авиақатынастардысақтауды қамтамасыз етсін.  

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі,"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы:

· жолаушылардың темір жол тасымалы көлемін қысқартудықамтамасыз етсін;

·  қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричка,жұмыс поездарын қоспағанда)

қозғалысын тоқтата тұрсын;

· жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондардықұруды болдырмасын.

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталықмемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

·  қалааралық автобус тасымалдарын тоқтататұруды;

· ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар,конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйленутойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатынөзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

·  азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханалардықоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, саудаүйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;

· ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерклубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойыналаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;

·  барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концертззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

· діни объектілердін (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;

·  балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгібалалар мекемелерінің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беруорталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар менересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;

· фудкорттар, банкет залдарыныңқызметіне тыйым салуды;

· СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдықжағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулықсалондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметкөрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюркөрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;

·  жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларыныңқызметіне тыйым салуды;

·  500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізуқызметін;

·  65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнанартық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;

· қоғамдық көліктің қозғалысын шектеуді;

· өңірлер арасында жеке автокөліктіңжүріп-тұруына рұқсат беруді;

·  әлеуметтік қашықтықты және күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың(ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттықкомпаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерініңқызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астамқызметкер болғанда);

·  аймаққа бөлу және күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналықорталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;

· күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып және 50%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызметкөрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер,демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;

·  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер,супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың(ғимараттан тыс) қызметіне рұқсат беруді;

·   күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-данаспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерініңқызметіне рұқсат беруді;

· күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашықауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, малшаруашылығының қызметіне рұқсат беруді;

.  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып, уақыт бойынша шектеу арқылы халыққа байланыссыз қызмет көрсетуобъектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеужәне басқалары) қызметіне рұқсат беруді;

·   уақыт бойынша шектеу арқылы және күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың(адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері,жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, соторындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беруді;

·  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсетуарқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыруды;

· күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтайотырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсетуарқылы "Қазпочта" АҚ-ның жұмысын ұйымдастыруды;

·  әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнанаспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілері жоқсаябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа дадемалыс орындарына баруға рұқсат беруді;

·   ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсатберуді;

·   қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға,әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емесбазарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялықөңдеу жүргізуді;

·  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және ҚазақстанРеспубликасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкесуақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметінерұқсат беруді қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері,облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың,Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметінерұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың,санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекскесәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.

5. Тиісті аумақтағы, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер,Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкіістер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасыведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағықызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқанэпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралышешім қабылдауға құқылы.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16