Путин “гей-пропаганданы” “агрессия танытпай” бақылауға шақырды

05.07.2020, 02:59

14

Ресей президенті Владимир Путин ЛГБТ қауымдастығын меңзей отырып “дәстүрлі емес құндылықтарды” насихаттау жұмыстарын “агрессия танытпай” бақылауға шақырды.

“Егер бұл біз үшін дәстүрлі емес құндылықтардың пропагандасы деп ойлауға негіз болса, онда… “агрессия танытпайтын, ең маңыздысы осы, агрессия танытпайтын, қоғамдық бақылау керек” деді Путин ел конституциясына өзгерісті әзірлеген жұмыс тобымен 3 шілдедегі онлайн кездесуде.

Екі жүзден астам түзетудің бірі некені ер мен әйелдің одағы деп анықтап, біржынысты некеге тыйым салды. Ресей халқының конституцияны өзгерту бойынша дауыс беруі 1 шілдеде аяқталып, дауыс бергендердің 78 пайызы түзетулерді қолдаған. Ресей президенті конституцияның жаңа мәтініне 3 шілдеде қол қойды.

2013 жылы Ресей жасөспірімдер арасында “гомосексуализмді насихаттауға” тыйым салатын заң қабылдады. Заңда “дәстүрлі және дәстүрлі емес жыныстық қатынастардың әлеуметтік теңдігі жөніндегі бұрмаланған түсінікті” қалыптастыруға бағытталған ақпаратты таратуға тыйым салынады деп жазылған.

Путин қоғамдық бақылау туралы ойын Госдуманың бұрынғы депутаты, Ресей әйелдер одағының жетекшісі Екатерина Лахованың шағымына жауап ретінде айтты. Онлайн кездесуде Лахова “Радуга” (кемпірқосақ; ЛГБТ қауымдастығының туы кемпірқосақ түстерінен тұрады – ред.) балмұздағы балаларға “дәстүрлі емес құндылықтарды” ерте жастан үйретіп отыр деп шағымданған болатын. Путин бұл сұраққа “кімнің қандай заттаңба ойлап табатынын бақылау мүмкін емес” деп, қоғамдық бақылауға шақырды.

“Радуга” балмұздағын Ресейде бірнеше компания өндіреді. Олардың арасындағы ірілерінің бірі “Чистая линия” компаниясының вице-президенті Армен Бениаминов “Говорит Москва” радиосына берген сұхбатында кемпірқосақты бейнелейтін балмұздақты тыятын қандай да бір заң қабылданса, бағынуға дайын екенін айтты. Сөйте тұра, ол “Чистая линия” өнімдерінің ЛГБТ қауымдастығына қатысы жоғын айтты.

Путин 3 шілде күні сондай-ақ Мәскеудегі АҚШ елшілігінде ілініп тұрған жалауды күлкі етті. АҚШ-та қоғам назарын ЛГБТ қауымдастығының мәселелеріне аудартуға арналған “Мақтаныш айы” өтіп жатыр. Елшілік соның құрметіне ЛГБТ туын іліп қойған. Путин мұны келеке етіп, “Олар онда кімнің жұмыс істейтінін көрсетіп қойды” деді.

АҚШ-та 25 маусым ЛГБТ туының күні саналады. Өйткені 1978 жылы дәл осы күні Сан-Францискодағы Gay Freedom парадында осы ту алғаш рет көтерілген. Кемпірқосақ туын Ұлыбританияның Ресейдегі елшілігі де іліп қойды. Ал Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада және Австралия елдерінің елшілері 25 маусым күні ортақ мәлімдеме жасап, Ресейді барлық азаматтың, соның ішінде гейлердің, лесбияндардың, бисексуалдардың, транссексуалдардың және интерсексуалдардың құқықтары қорғауға шақырды.

Оқи отырыңыз: «Кісі ұрлау» vs «жоспарлы емдеу». Қазақстандық гей Бекзат Мұқашевтың жоғалуы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39