04.07.2020, 13:00
65
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей айтты.
“[Алдашева ] түнгі сағат 2:00-де Ақтаудағы провизорлық ауруханада қайтыс болды. Диагнозы пневмония”, деді Сүлей.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Алдашева он шақты күн ауырған. Осы уақытқа дейін коронавирус анықталмаған.
Елу бес жасқа шыққан Гүлжазира Алдашева 1965 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып 2019 жылдың тамызында тағайындалған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР