Азат Еуропа / Азаттық радиосына 70 жыл толды

05.07.2020, 02:59

8

Бүгін 4 шілде Азат Еуропа радиосының (Radio Free Europe) эфирге шыққанына 70 жыл толып отыр.

Радиостанция Қырғи-қабақ соғыс күшейе бастаған тұста советтік блок елдері – Болгарияға, Венгрияға, Польшаға, Румынияға, Чехословакияға хабар тарату үшін құрылған. Алғашқы бағдарлама Германияның Лампертхайм қаласынан чех тілінде тарады. Көп ұзамай Португалияның Глория дейтін курорт аймағында қуаты жоғары радиотаратқыш құрылысы басталды.

Азат Еуропа радиосының алғашқы қызметкерлері Шығыс Еуропадан шыққан мигрант журналистер, жазушылар және публицистер еді. Олардың міндеті Шығыс блоктағы коммунистік идеологияға қарсы деп айтылмаған немесе партияның пайдасы үшін бұрмаланған саяси және экономикалық проблемаларды, сондай-ақ мәдени және ғылыми жетістіктерді халыққа жеткізу еді.

1976 жылы Азат Еуропа радиосы мен Азаттық радиосы бірігіп, осы күнге дейін қызмет етіп келеді. Корпорацияның штаб-пәтері Чехия астанасы Прагада орналасқан.

“Темір шымылдықтың" түрілгенінен 30 жыл өтті, техникалық инструментарий өзгерді. Алайда проблемалар негізінен сол күйі. Әріптестеріміз кәсібіне адал, ал аудиториямыз бізге сеніммен қарайды. Қандай қиын жағдай болмасын біз жаңалықтың дәлдігіне көңіл бөлеміз және тәуелсіз басылымның үлгісін көрсетіп келеміз. Бұл мәселесін айтып барар жері қалмағандар үшін әсіресе маңызды” деді медиакорпорацияның президенті міндетін атқарушы Дейзи Синделар.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы сөз бостандығы шектелген немесе еркін БАҚ толық дамымаған 22 елге 26 тілде жаңалық таратады. Корпорация аудиториясы 34 миллион адамды құрайды. Редакторлық саясаты тұрғысынан тәуелсіз медиакорпорацияны АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі арқылы конгрес қаржыландырады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27