Коронавирустың тарауы. Әлем елдерінде жағдай қандай?

05.07.2020, 16:00

3

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 4 шілде күні коронавирустың тарауы жөнінде тәуліктік рекордтың жаңарғанын айтты. Ұйымның мәліметінше, әлемде вирус жұқтырғандар бір күн ішінде 212 326-ға көбейген.

Ең үлкен өсім АҚШ, Бразилия және Үндістан үлесінде. Осыған дейінгі тәулік рекорды 28 маусымда тіркелген. Ол күні 189 077 коронавирус анықталған. COVID-19 өлімі күніне бес мыңға көбейіп, тұрақты өсіп отыр.

АҚШ 4 шілде күні тәуелсіздік күнін атап өтті. Алайда елдің оңтүстігі мен батысында коронавирус індеті өршіп тұрғандықтан, билік тойлаудың ауқымын шектеді.

Вирус жұқтырғандар саны 40 штатта артып бара жатыр. Ал 14 штатта вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші шілденің басынан бері күн сайын рекорд жаңартып отыр.

Ел президенті Дональд Трамп бұл өсімді тестілеудің күшеюімен байланыстырып, індеттің тарау қарқынын жұмсартуға тырысты.

Ақ үйде тәуелсіздік күніне арналған шарада Трамп елдің коронавируспен күресін мақтап, инфекция жұқтырғандардың 99 пайызы “толықтай зиянсыз” деді. Ал дәл осы уақытта елдегі COVID-19 өлімі 130 мыңға жақындады.

Кейінгі жеті күнде вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші тұрақты 50 мыңнан асып отырды. Мұның бір себебі тесттердің оң нәтиже беру көрсеткішімен байланысты болуы мүмкін.

ДДСҰ оң нәтиже көрсеткіші 5 пайыздан асса, алаңдауға негіз бар дейді.

Кемі 18 штатта оң нәтиже көрсеткіші орташа межеден жоғары. Аризонада 26 пайыз, Флоридада 18 пайыз және Техаста 14 пайыздан жоғары.

Флоридада бір күнде 11,458 адамнан коронавирус анықталды. Бұл пандемияның шарықтау кезінде жағдайы өте қатты ушыққан Еуропа елдерінің тәуліктік көрсеткіштерінен де жоғары нәтиже.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар артып жатқанымен, кісі өлімінің бәсеңдеуі байқалады. Кейінгі аптада COVID-19 өлімінің күнделік көрсеткіші 600-ге түскен.

Despite the rising number of infections, the average daily U.S. death numbers have declined in recent weeks to around 600.

Кісі өлімі вирустың тарауынан гөрі індет салдарын көрсететін өлшем. Алайда денсаулық эксперттері кісі өлімінің бәсеңдеуі вирустың жастар арасында қарқынды тарауымен және емдеу тәсілінің жақсаруымен байланысты дейді.

Әлем бойынша коронавирус 11 миллионнан астам адамнан анықталған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, оның 2,8 миллионы АҚШ үлесінде. Дүние жүзі бойынша қайтыс болғандар саны 530 мыңнан асты.

Латын Америкасында КВИ жұқтырғандар 2,7 миллионнан асты. Ал өңірдегі ең ірі ел Бразилияда 1,6 миллион адам вирус жұқтырып, 64 мың адам қайтыс болған. Бұл АҚШ-тыкінен кейінгі екінгі нәтиже.

Оңтүстік Африка Республикасында КВИ жұқтырғандар 187 мыңнан асты. Оның 10 мыңы соңғы тәулікте тіркелген.

Тәулік көрсеткіші Үндістанда да жаңарды. 4 шілде күні онда 22,771 адамнан КВИ анықталған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 673 мыңнан асқан. Өлім саны – 19 268.

Ресейде коронавирустан қайтыс болғанда 10 мыңнан асты. Билік дерегінше, бір күнде 6 632 адамнан КВИ анықталған.

Ресей вирус жұқтырғандардың саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орында. Бірақ ондағы кісі өлімі деңгей көптеген елден төмен. Билік ақпаратты жасырып отырмағанын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34