Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Бүбіқан Досалиева мезгілсіз қайтыс болды

07.07.2020, 00:15

3

Бішкекте Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Бүбіқан Досалиева 62 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

"Қырғыз мәдени қауымы, журналистикасы мен Азаттық радиосының ұжымы орны толмас қазаға ұшырады. Журналист Бүбіқан Досалиева 62 жасында тұтқиылдан келген індеттен дүниеден өтті" деп хабарлады әріптестері.

Бүбіқан Досалиева журналист, зерттеуші, педагог және саясаттанушы маман ретінде танылды. Ол 1995-2010 жылдар аралығында дәне 2017 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Азаттықтың Қырғыз қызметінде еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол Азаттықтың Бішкектегі бюросында тілші, мультимедиа бөлімінің жетекшісі, бас редактор, радио бағдарламалары продюсері болып істеді.

1994 жылдан Шыңғы Айтматов атындағы халықаралық қоғамдық академияның мүшесі болған Бүбіқан Досалиева Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық универститі мен Бішкек гуманитарлық университетіндегі журналистика кафедрасында дәріс оқып, көптеген журналистерді дайындауға үлес қосты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39