06.07.2020, 12:58
119
Ауру асқынып тұрған кездетыныс алу гимнастикасын жасау қажет емес. Бұл туралы брифингте медицина ғылымдарыныңкандидаты, доцент, «Астана медицина университеті» КЕАҚ жеделмедициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасыныңмеңгерушісі Нурила Малтабарова мәлімдеді.
«Бүгінде реабилитациякезінде тыныс алу гимнастикасы пайдалы әрине, бірақ бұл жерде жағдайдыушықтырып алмау маңызды, сондықтан тыныс алу гимнастикасы пациенттің жағдайыасқынып тұрғанда қажет емес екенін есте сақтау керек», — деді Малтабарова.
Ол әлеуметтік желілердежарияланып жатқан тыныс алу гимнастикасының қандай да бір нақты әдісін ұсынаалмайтынын айтты, себебі ол реаниматолог, бірақ реабилитолог дәрігер кеңес айтаалатынын түсіндірді.
«Бірақ хаттамада да тынысалу гимнастикасы оңалту аясында және стационар деңгейінде ем алғаннан кейінамбулаторияға өткенде жазылған, сіз реабилитологқа хабарласып, тыныс алугимнастикасы бойынша барлық ұсыныс түрін ала аласыз», — деп қорытындыладыдәрігер.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР