Пиар емес, нақты іс қажет

07.07.2020, 07:18

61

 Қазір мемлекеттікоргандарда бастықтың имиджін қалыптастыру, құрылым жұмысына пиар (РR) жасауқалыпты үрдіске айналып келеді. Ағылшынның «пиар» деп, әдемі естілетін сөзібіздің қарапайым тілмен айтқанда – көпе-көрінеу мақтау. Еліміздегі жағдайға өзіде көз жеткізіп отырған халық арасында әлде бір ұйымның, оның басшысыныңжұмысына пиар жасап, соған ақша құртудың маңызы бар ма?

РR – ағылшын тілінен аударғанда«қоғаммен байланыс» дегенді білдіреді, толық түрде Public Relations депжазылады. Қазақстанда, негізі, бұл рөлді мекемелердегі баспасөз бөлімдеріатқарып келеді. Пиар – жаңаша атау деуге болады. Пиардың жарнамадан ерекшелігі– жарнама коммерциялық кәсіпорындарда қолданылса, пиар әлеуметтік идеяларды,саяси топтарды насихаттай алады. Бүгінде осы пиардың пайдасын көріп отырғаншенеуніктер аз емес, сол үшін де бұған соңғы кездері көп көңіл бөліп отыр. Негеөйтпеске? Істі қатырмаса да, оларға жақсы ат жасап беретін пиарға қаржыны аямайқұюға болады емес пе?!

Мәселен, белгілі біршенеуніктің немесе ұйым жұмысының кем тұстарын айтып, ғаламторда орынды сынжазып қалдыра қалсаң, жоқ жерден жемге ұшып келген құстардай, аты-жөні белгісіз«боттар» келіп, сенімен сөзбен тартысып, төпелеп тастайтыны бар. Бастығы менмекеме атына шаң жуытпай, бұлбұлша сайрайды келіп.

Қит етсе пиар жасатуға жүгірудіқашан қоямыз деп налисың. Өйткені, шынына келгенде, қарапайым халықтыңтұрмыстық жағдайы оңалмай тұрса, Қазақстанның әр түкпіріндегі азамат сапалыбілім мен медициналық көмек ала алмай отырса, қазіргідей қаншама адамның өмірінжалмаған індеттің өршіп тұрған кезінде заманауи медициналық құрал-жабдық түгіл,ауыл-аймақта дені дұрыс емхана болмай тұрғанда билік өкілдерінің имиджі халықүшін бес тиын. Әркім өзін нақты іспен көрсетуі тиіс емес пе еді? Кейбіршенеуніктердің баяндаманы спичрайтерлерге жаздыртып алып, кейде соның өзінежіктеп, не айтып, не қойғанын білмегендей оқып шығатынына  халықтың көз жұма салатыны аздай, енді нақтыіс жасап, көзге түсе алмағасын өзіне пиар жасауы жұрттың күлкісін туғызады депойламай ма? Қазақта «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген жақсы сөзбар.

Басшының имиджі халық оныңөнімді жұмысын, мемлекет үшін пайдалы ісін көргенде өзінен-өзі қалыптасатынынбілмей ме кейбір басшылар? Ал қолға алған істен оң нәтиже шығара алмадың ба,мемлекеттің қаржысына қазіргідей имидж жасату, алаулатып-жалаулатып пиаржасатқызу қызметтеріне жүгіне бергенше, қолынан іс келетін адамға орындыбосатып неге бермеске?

Былтыр президент Қасым-ЖомартТоқаев бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты өткізген жиында министрлерге«негізсіз имидждік, консалтингтік (басқарушыларға кәсіби көмек көрсету, кеңесберу, оқыту – ред.) шығындарды қысқартыңдар» деген болатын. Соған қарамастан, биылНұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «жомарт боп», имидж үшін 100 миллионтеңгені сарп ете салыпты. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау үшін әкімдікдәл осындай сома бөлген. Ал оны тендер арқылы ұтып алған фирма осы ақшағаастаналық әкімдіктің жұмысына қатысты жазылған пікірлерді қадағалап отыруыкерек болған. Алайда мұнымен шектелмей, бүркеншік атты жамылып алған әлдекімдерғаламторда астаналық әкім Алтай Көлгінов туралы мақтау пікірлер жазуға кірісіп кеткен. Белсенді Бэлла Орынбетова қыстақардан аяқ алып жүре алмай жатқанда біреулер келіп, әкімді мақтап, қарды қалайтез тазалатып, керемет жұмыс істеп жатқаны туралы ода айтып жатқанын назданажазған еді.  Бөлінген қаражаттың жұмсалуынакөмегін тигізіп жатқан блогерлер мен журналистерге бөлек сәлемін де жолдаған.

 Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыимиджі мен жарнамасы үшін бюджеттен 51 миллион теңгені аямапты. Қордың имидждіксүйемелдеу деген ақылы тапсырмасының астарында Instagram мен Facebookәлеуметтік желісінде қысқа мәтін жариялау болған. Тапсырманы орындаушы NomadLeader компаниясы 2000 жазылушысы, яғни шағын ғана аудиториясы бар блогерлердіңпарақшасына 30 пост жариялауы керек. Ал ғаламтор әлеміне видеолар салып жүрген 50мың жазылушысы бар белгілі вайнерлер  Instagramжелісінде 10 пост жариялауы тиіс екен. Ұйымның жеке парақшаларында тапсырманыорындаушы келісімшартқа сәйкес, 300 ақпараттық материал жариялауға міндетті. Бұләлеуметтік желілердегі посттар мен пікірлерге ғана берілген қаражат. Ал бұқаралықақпарат құралдарында мақалалар жариялауға кететін ақша бөлек. Сол үшін мамырайының басында сақтандыру қоры  LocalCorporation компаниясымен 54 миллионнан астам сомаға келісім жасапты. Газет-журналбеттерінде, телеарна сюжеттерінде қор туралы тек құлаққа жағымды ақпараттардығана  көргісі келген ғой. Ендішенеуніктер пиардан ақша аясын ба?!

Шын мәнінде жалған имидж, пиарсияқты мақтаулар кімге керек?


НұрайРАХЫМ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36