АҚШ сабақтары түгелдей онлайн өтетін шетел студенттері елден кетуі керек дейді

07.07.2020, 15:34

47

Кеше, 6 шілде күні АҚШ иммиграция және кеден қызметі сабақтары коронавирус пандемиясына байланысты түгелдей онлайн өтетін шетел студенттерінің елге кіре алмайтынын, ал кіргендері қайтуы тиіс екенін хабарлады.

“АҚШ мемлекеттік департаменті күзгі семестрді толықтай онлайн өткізетін оқу орындарының және/немесе бағдарламалардың студенттеріне виза бермейді. Ал АҚШ кеден және шекара қызметі ондай студенттердің Америка Құрама Штаттарына кіруіне жол бермейді. Осындай бағдарламар бойынша білім алып дәл қазір АҚШ-та жүрген студенттер елден кетуі тиіс не басқара шара қабылдауы керек” делінген иммиграция және кеден қызметінің мәлімдемесінде.

Басқа шараның мысалы ретінде оқытушымен кездесуді талап ететін оқу бағдарламаларына ауысу ұсынылған.

Иммиграция және кеден қызметінің бұл шешімі АҚШ-тағы бір миллионнан астам шетел студентіне әсер етуі мүмкін.

Шешім коронавирус пандемиясына байланысты онлайн білімге көшкеннен кейін күзгі семестрді қалай бастарын білмей отырған колледждер мен университеттер үшін күтпеген жаңалық болды.

Жоғары білім беретін 1700 институттың жетекшілерінен тұратын Америка білім беру кеңесі жаңа шешімді сынға алды.

”Шешім жауаптан гөрі сұрақ көп тудырады және өкінішке қарай оның жақсыдан жаман әсері көп” деді кеңес мәлімдемесінде.

АҚШ колледждері мен университеттерінің көбі күзгі семестрге жоспарын жарияламады. Бірі тек онлайн білім беруді ойлап отырса, екіншісі онлайн және оффлайн білім беруді түйістіретін гибрид моделімен жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

6 шілде күні жарияланған жоспарында Гарвард университеті бакалавриат бөліміндегі студенттердің 40 пайызы оқу кампусына қатынап оқитынын, бірақ нұсқаулықтардың бәрі онлайн болатынын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16