Күмәнді көбейткен видео

07.07.2020, 08:05

55

                                                                                                          

Бұл видео  Шығыс медицинасының ақсап тұрғанынкөрсетті

Семейдекоронавирус індетін жұқтырғандардың дерегі күн сайын анықталып, ауруханалардаорын жоғы өзекті мәселеге айналғанда не күлеріңді, не жыларыңды білмейтінжағдай орын алды. Өткен жұма күні (3 шілде) түс ауа әлдебір әйел адамның №2 қалалық аурухананың алдына келіп,құлаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. Дәл осы бірауыр көрініс қала тұрғындарын ғана емес, желі қолданушыларының да назарынбірден аударып, дәрігерлерге деген наразылығын тудырғаны рас. Видеодан әйеладамның ар жағында жедел жәрдем көлігі тұрғаны анық көрінеді. Алайда адам жердеқұлап жатқанда оны асықпай ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегенкім екені жұмбақ болып қалды. Жағдайы ауыр науқас есік алдында жатқанда бәрінбейнекамерадан көріп отыратын іштегі қауіпсіздік қызметінің өкілі болсын,кезекші дәрігер болсын тірі жан шықпағаны өз алдына бөлек әңгіме.

     Бұл жағдай парламент мәжілісінің депутатыНұртай Сабильяновты да бейжай қалдырған жоқ. «Денсаулық сақтау министрі А.Цой мырза! ШығысҚазақстан облысы әкімі Д.Ахметов мырза! Мынау не масқара?» деп жазды депутатөзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында аталған видеоны сол күні түн ортасынатаяғанда бөлісе отырып. Қызығы, сол депутат сұрағына «Шығыс Қазақстан облысы»парақшасынан көп күттірместен, дәл сол сәтте төмендегідей жауап берілді:«Нұртай Салихұлы, бұлжағдайдан облыс әкімдігі хабардар. Қазір болған оқиғаның мән-жайы зерттелініпжатыр. Ертең толық ақпарат беріледі».

    Сонымен, айтып-айтпай не керек, араға біркүн салып барып, 5 шілде күні түстен кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігініңбаспасөз қызметі жазбаша түрде аурухананың бейнекамерасына түскен көрініскесүйене отырып, төмендегідей жайлардың анықталғанын жариялады. (Сөзбе-сөз толықкелтіргенді жөн көрдік – авт.): «2020 жылдың 3 шілдесінде сағат 15:30-даИ.Г. есімді азаматша қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған ауырнауқастарды тексеру және емдеуге жатқызу үшін жұқпалы және провизорлық стационарларашылған Семей қаласының №2 қалалық ауруханасына жүгінеді.

   Азаматшаөз қалауы бойынша қабылдау бөліміне келіп, коронавирусқа ПТР әдісімен талдаужасауды талап етеді. Осы уақытта қабылдау бөліміне сатурациясы төмен екі науқастүскендіктен, әйел адамға күте тұру қажеттігі айтылған. Ал неге ол далада күтіпотыр? Бұл жер провизорлық госпиталь болғандықтан, расталған КВИ жоқ адамныңвирусты жұқтыру қаупі жоғары.

 Жиырмаминут күткеннен кейін өзі үйіне кетіп қалады. Анасының ауыр жағдайы туралытелефон арқылы хабарлаған қызының шағымынан кейін оның үйіне жедел жәрдембригадасы жіберілді. Үйде тексеру нәтижесінде АҚ, пульс, дене қызуы менсатурациясы қалыпты жағдайда екені анықталды. Шұғыл емдеуге жатқызу қажеттігі,сондай-ақ пневмония немесе коронавирустық инфекция белгілері болмаған. Әйелгежедел немесе шұғыл емдеуді қажет етпейтін созылмалы холециститтің асқынуыдиагнозы қойылған.

 Бүгінгікүні пациенттің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Науқастың қызы арқылытелефонмен байланысып отыр.Айта кету керек,стационарға барған кезде әйел жалғыз емес, жанында бірге келіп, бірге кеткен ерадам болған. Бұл сыртқы бейнебақылау камерасында жазылған жазбалармен расталады».   

Шындығына көшсек, ауруханабейнекамерасындағы көрініс пен жазбаша жарияланған мәлімдеме көкейде көп сұрақтудырады. Өз қалауы бойынша қабылдау бөлмесіне келген науқасты сатурациясытөмен екі сырқат келіп отырғандықтан, сыртта күтуіне нұсқау берген кім?Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары ауруханадан сыртқа шыққан соң, әйелдің жергежата бастағаны нені білдіреді? Оның сол сәттегі халін түсіріп тұрған ер адамныңбірге келіп, бірге кеткенін көріп тұрып, «бұларың не, мұндай қадамға негебарасыңдар» дейтін ешкім болмағаны ма? Аурухана бейнежазбасында әйелдіңәлдекімге телефон шалып, сөйлесіп отырғаны анық түскен. Аурухана алдына екеуіәлдебір бұрыштан шыға келіп отырады. Ал кеткенде басқа бағытқа кетеді.

    Мәлімдеменің мына үзіндісіне тағы бір зерсалайық: «Жиырма минут күткеннен кейін өзі үйіне кетіп қалады. Анасының ауыржағдайы туралы телефон арқылы хабарлаған қызының шағымынан кейін оның үйінежедел жәрдем бригадасы жіберілді». Егер, өздері айтқандай, пневмония немесекоронавирустық инфекция белгілері анықталмаған болса, жедел жәрдем не үшінжіберілді? Әлеуметтік желіде тараған видеода есік алдында жатқан науқасқа жақынжерде жедел жәрдем көлігі тұрғаны анық көрінеді. Ал аурухана бейнежазбасыныңалғашқы секундтарында жедел жәрдем жылдам өте шығады және ер адам науқасты түсіріптұрғанда ол көлік мүлде жоқ. Сонда алғашқы видеода тұрған жедел жәрдем ауруханабейнежазбасына қалай түспей қалған? Жауабы беймәлім тағы бір сұрақ: облыстықәкімдік салған аурухана бейнежазбасы әлеуметтік желіге жүктелгенде уақыты, датасыкөрсетілмей қалғаны қалай? Кез келген мекеменің бейнекамерасында уақыты, күні автоматтытүрде шығып тұрмайтын ба еді?! Ондай қажетті дерек алынып тасталды ма, әлдеәуесқой біреу бұл көріністі қайта өңдеп шыққан ба? Бұл шын мәнінде құқық қорғауорындары барынша назарына алып анықтайтын шаруа.

   Әрине, коронавирус сырқаты асқынып, қаланыжайлап, асқынып тұрғанда ешкім өзіне ауру тілеп, аурухана алдына барып жығылыпжатпайтыны аян. Егер ол дәрігерлердің қабылдамағанына күйініп, наразылығыносылай білдіруге мәжбүр болса, 20 минуттан кейін орнынан тұрып кетіп қалғанықалай? Бұл егер дәрігерді кінәлау мақсатында қолдан жасалған көрініс болса,онда облыстық әкімдік араға екі күн салмай, неге бірден ресми мәлімдемежасамады? Алғашында коронавирус жағдайлары тіркеліп жатқанда эфирден түспегенШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның бұл мәселегеорай, ел алдына шығып, түсінік бермегені қалай? Семейдегі жедел штаб өкіліН.Әлменева да COVID-19 індетінің таралу көрсеткішінен әлеуметтік желі арқылыхабардар ете отырып, дәл осы әйел жығылған көріністен бейхабар қалғаны ма? Бұл,шындығына келгенде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі шенеуніктерінің өзқызметіне немқұрайдылығын көрсететіні анық. Ал облыс әкімі Даниал Ахметовосыдан бірер күн бұрын «қазіргікүнде  Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық жәнекарантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары жедел түскеннауқастарға көмек беруге әзір» деп мәлімдеген болатын.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05